Now Reading
Астанада аты аңызға айналған футболшылар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада аты аңызға айналған футболшылар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Астанада аты аңызға айналған футболшылар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Кең ауқымды «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі» экологиялық акция аясында аты аңызға айналған футболшылар Коло Туре мен Фадига Халилу ағаш көшеттерін отырғызды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

Елімізге «Super bol» жобасы үшін арнайы келген Коло Туре мен Фадига Халилу Астанадағы Қазақстан футбол федерациясының аумағында көшет отырғызуға қатысты.

 

«Мен Қазақстанға алғаш рет футбол жобасына арнайы қонақ ретінде келдім. Акцияға қатысқаныма өте қуаныштымын. Бұған дейін көптеген қалаларда болдым. Бірақ Астана өзінің сұлулығымен ерекше баурап алады. Тазалық бірінші орынға қойылғанын көруге болады. Мені эко-акцияға шақырғаныңызға қуаныштымын!»-деді кезінде «Арсенал», «Манчестер Сити», «Ливерпуль» сапында ойнаған футболшы Коло Туре.

 

Айта кетейік, 8 сәуірде «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі». Елордада ардагерлер, қызмет барысында қаза тапқан құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің отбасылары, қарттар үйлері тұратын үйлердің аумағын абаттандыруға бағытталған «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы жалғасуда.

 

Биыл Астанада барлығы 1,1 миллион жасыл желек отырғызу жоспарлануда. Үш аптада қалада 74 мыңнан астам көшет отырғызылды.

 

Естеріңізге сала кетейік, 3 аптадан бері елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясы өтіп жатыр. Кең көлемді экологиялық науқан аясында қаланы, нөсер және суару жүйелерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық орындар мен аулаларды тазалау жүргізілуде. Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарына жақын аумақтарды тазалау, көгалдар мен гүлзарларды тазалау, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою және т.б. жүргізіледі.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×