Now Reading
Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы.

 

«Құрметті отандастар!

 

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!

Бұл мерекенің еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық құндылықтарын нығайту үшін маңызы зор.

 

Әскери борышын өтеуде шынайы патриотизм айқын көрінеді, өйткені Отаны мен халқына аянбай қызмет ету – әрбір саналы азаматтың қасиетті борышы.

 

Қазақстан ұлттық мүдделерді қорғауға, аумақтық тұтастықты сақтауға, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге басты назар аударады. Ержүрек армиямыз ел егемендігінің кепілі, мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі болып қызмет етуде.

 

Біз Қарулы Күштердің әлеуетін оқу-жаттығу жиындарында ғана емес, нақты жедел тапсырмаларды орындау барысында да көріп отырмыз. Жақында болған ауқымды су тасқынымен күрестің алдыңғы шебінде солдаттар мен офицерлер болды. Олар өздеріне жүктелген жауапты істі мүлтіксіз атқарып, нағыз патриотизмнің лайықты үлгісін көрсетті.

 

Еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, әскери қызметшілерді қолдау – мемлекеттік саясаттың тұрақты басымдықтары.

 

Қарулы Күштеріміз аман болсын!

Барлығына зор денсаулық пен амандық тілеймін!».

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...