Now Reading
Инклюзивті Қазақстанды құрудағы «Бақытты отбасы» орталығының рөлі: сенаторлар нені атап өтті?
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Инклюзивті Қазақстанды құрудағы «Бақытты отбасы» орталығының рөлі: сенаторлар нені атап өтті?

Инклюзивті Қазақстанды құрудағы «Бақытты отбасы» орталығының рөлі: сенаторлар нені атап өтті?

Инклюзивті Қазақстанды құрудағы «Бақытты отбасы» орталығының рөлі: сенаторлар нені атап өтті?

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев бір топ депутаттармен бірге «Бақытты отбасы» әйелдерге арналған ақпараттық-кеңес беру орталығында болды.

Орталық басшысы Ырза Тұрсынзада «Бақытты отбасы» ең алдымен, көп балалы аналарға, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға, қиын өмірлік жағдайларға тап болған жұмыссыздарға және жалғызбасты әйелдерге жан – жақты қолдау көрсетуге арналған тұғырнама екенін айтты.

Орталықта арнайы кабинеттер бар және кондитерлік өнім жасау, макияж жасауды үйрету, ағылшын тілі, ойыншық тігу және т.б. бойынша тегін курстар қарастырылған. Алынған дағдылар әйелдердің өзін-өзі дамытуы үшін де, кейіннен коммерцияландыру және өз бизнесін ашу үшін де маңызды.

Мәулен Әшімбаев келушілермен және орталық қызметкерлерімен әңгімелесу барысында бұл орталық жұмысының әйелдер құқығын қорғауды күшейту және инклюзивті Қазақстанды одан әрі құрудағы маңыздылығын атап өтті. Мүгедектігі бар жандарды қолдауға және оларды оңалтуға, сондай-ақ олардың қоғамға араласуы мен жұмысқа орналасуына жағдай жасауға бағытталған шараларға ерекше назар аударылды.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша отбасы институтын нығайтуға, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған арнайы заңдар әзірленіп, қабылданды. Бұл заңдар мемлекеттік органдардың отбасы саясаты саласындағы өкілеттіктерін айқындайды. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау шаралары қарастырылған. Әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар үшін жауапкершілік те күшейтілді. «Бақытты отбасы» орталығы – Мемлекет басшысының осы салада алға қойған міндеттерін орындау жолында жұмыс істейтін маңызды мекеме. Біздің бірлескен жұмысымыз мүгедектігі бар жандарға қолайлы жағдай жасауға және отбасы институтын нығайтуға жаңа серпін береді деп сенеміз», — Мәулен Әшімбаев.

 

Орталық директоры өз кезегінде сенаторларға белсенді ынтымақтастығы мен бастамаларын қолдағаны үшін алғыс айтты, сондай-ақ алдағы жоспарларға тоқталып, еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерлікті одан әрі дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарын айтты.

 

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×