Now Reading
Тұрғын үй комиссиялары мемлекеттік қордан жалға берілетін тұрғын үйді бөлетін болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Тұрғын үй комиссиялары мемлекеттік қордан жалға берілетін тұрғын үйді бөлетін болады

Тұрғын үй комиссиялары мемлекеттік қордан жалға берілетін тұрғын үйді бөлетін болады

Тұрғын үй комиссиялары мемлекеттік қордан жалға берілетін тұрғын үйді бөлетін болады

 

 

2024 жылғы 3 мамырдағы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді беру және пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді.

 

Атап айтқанда, ереже жалға берілетін тұрғын үйді бөлумен айналысатын тұрғын үй комиссиясының жұмысына қатысты тармақпен толықтырылды.

 

Осылайша, тұрғын үй комиссиясы жергілікті атқарушы органнан, мемлекеттік кәсіпорыннан, тұрғын үй беретін мемлекеттік мекемеден, оның ішінде кәсіподақ ұйымдарының өкілдерінен (болған жағдайда) жұп саннан кемінде алты адамнан құрылатыны айтылады.

 

Тұрғын үй комиссиясын басқарады:

 

* орталық мемлекеттік органдарда – аппарат басшысы;

* жергілікті атқарушы органдарда, мемлекеттік органдарда және мемлекеттік кәсіпорындарда – бірінші басшының орынбасары.

 

Тұрғын үй комиссиясының хатшысы дауыс беру құқығынсыз тұрғын үй комиссиясының мүшесі болып табылады, ол тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасын жүргізеді;

 

Тұрғын үй комиссиясының шешімдері дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.

 

Атап өтілгендей, тұрғын үй комиссиясының шешімі, егер оны қатысып отырған мүшелердің үштен екісі қабылдаса, заңды болып табылады.

 

Тұрғын үй комиссиялары өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде тұрғын үй беру туралы шешім қабылдайды не дәлелді бас тартуды жазбаша түрде шығарады деп көзделген.

 

Тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты үш данада жасалады. Тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының бір данасы мемлекеттік мекеменің (мемлекеттік кәсіпорынның) әкімшілігінде сақталады, екіншісі Мемлекеттік мүлік Тізілімінде тіркелу үшін жергілікті атқарушы органға беріледі және қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшіншісі өтініш берушіге беріледі және тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін жалғыз құжат болып табылады.

 

Тізілімнің веб-порталында www.e-qazyna.kz жалға алушылар (қосымша жалдаушылар) олармен жасалған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарттары бойынша, оның ішінде шарт талаптары, шарт бойынша есептеулер, бюджетке аударылған төлемдер және Бар болса өсімпұл бойынша ақпаратты көре алады.

 

Тұрғын үйді босату кезінде жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) тұрғын үйді жалға берушіге қабылдау-тапсыру актісі бойынша береді, ол туралы ақпаратты жалға беруші үш күн ішінде тізілімге енгізеді.

 

Бұйрық 2024 жылғы 24 мамырда күшіне енеді.

 

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×