V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына еріктілер қалай таңдалады
Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Қазір ойындарды дайындау және өткізу дирекциясы еріктілерді іріктеп жатыр. Бұл туралы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ұйым басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осы жылдың қаңтарында волонтерлік өтінімдерді қабылдау басталды. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы басшысының ақпараты бойынша, бұл жұмыспен Астананың 13 жоғары оқу орны қамтылған, оның ішінде: «Turan-Astana» университеті, Maqsut Narikbayev University, «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ, дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, «Астана» медицина университеті, Astana IT University, М.В. Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «ESIL» University, «Астана» халықаралық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті және А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты.
«Наурыз айында студенттерді еріктілер қатарына шақыру бойынша Астана қаласының 29 колледжінде кездесулер өткізілді. Сондай-ақ, Астана қаласының Есіл, Алматы, Нұра, Сарыарқа және Байқоңыр аудандарындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қызмет алушыларымен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы ақпарат беру және еріктілер қатарына шақыру мақсатында кездесулер өткізілді. Аталған орталықтардан 20 өтінім келіп түсті. Бүгінгі таңда келіп түскен өтінімдердің жалпы саны – 4683», — деді спикер.
Ойынға еріктілерді тарту мақсатында барлығы 12 мыңнан астам студентті қамтитын 95 кездесу өткізілді.
Сонымен қатар, өтінімдер Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Вьетнам, Түркия, Германия, Франция, Испания, Корея, Түрікменстан, Беларусь және Гана республикалары сияқты елдердің тұрғындарынан түсіп жатыр.
«Казіргі уакытта белім мамандары элеуетті еріктілермен офлайн жэне онлайн сухбат жургізуде. Бугінгі танда «Turan-Astana», Maqsut Narikbayev University, С.Сейфуллин атындаты Казак агротехникалык зерттеу университетінде жэне А.Кусайынов атындагы Еуразия гуманитарлык институтында 2 іріктеу кезені еткізілді. Энгімелесу корытындысы бойынша 1000 уздік ерікті іріктеледі, олардын 50-і — уйлестіруші, 100-і — кешбасшы», — дейді Кондыбаев.
2 кезеннін корытындысы бойынша іріктелген еріктілер арнайы дайындыктан етіп, оку-жаттыгуларга жэне іс-шараларга катысады.