Now Reading
Қарағандылық суретші нашар көретіндер жандарға естуге және сурет салуға көмектеседі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қарағандылық суретші нашар көретіндер жандарға естуге және сурет салуға көмектеседі

Қарағандылық суретші нашар көретіндер жандарға естуге және сурет салуға көмектеседі

Қарағандылық суретші нашар көретіндер жандарға естуге және сурет салуға көмектеседі


Суретші-зерттеуші Евгения Казакова нашар көретін және зағип жандарға арналған шығармашылық жобаны әзірлеуге кірісті, жақын арада көру қабілетінен мүлде айырылған жандар салған суреттер көрмесі өтеді. Евгения Казакова бейнелеу өнерінде инклюзия мүмкін бе, шығарма жазуда қандай әдіс-тәсілдер қолданылатыны туралы айтып берді.

Түрту арқылы өмір сүру және шығармашылықпен айнлысу

Ештеңені көрмей қиялындағы пейзажды бояу, түстерді араластыру кел келген адамның қолынан келе бермейтін іс. 67 жастағы қарағандылық Нұрбатша Қалиева 6 жылдан астам уақыт бұрын көрмей қалған. Емдеу және операциялар нәтиже бермеді, аз уақыт ішінде көру қабілетінен толық айырылған. Ол түрту арқылы өмір сүруді үйренді, ал оның отбасы мен достары оның көзі болды.

Көру қабілетінен айырылған әйел ұзақ уақыт бойы соқырлыққа көндіге алмай, алыс-жақын шетелдегі дәрігерлерге барған. Бүгінде Нұрбатша тым көп уақытын жоғалтқанын мойындады. Мен зағиптар қоғамында кенеп пен қылқаламмен таныстым. Мүмкін емес болып көрінген нәрсе шындыққа айналды. Сонымен қатар ол British Council қайырымдылық ұйымының қолдауымен қарағандылық суретші Евгения Казакова ұйымдастырған инклюзивті жобаның қатысушысы болды. Суретші-зерттеуші шығармашылық жобаларды әзірлеуге грант ұтып алды және жақын арада ерекше көрме өтеді. Түрту арқылы сурет салуды үйренген суретшілер үшін бұл, ең алдымен, физикалық шектеулер дамуға кедергі болмауы керек екенін өздеріне дәлелдеу мүмкіндігі.

«Мен қазір нағыз өмірімді сүріп жатырмын. 60-жасыма дейін үлгермеген нәрселердің барлығын қысқа мерзімде орындадым. Мен би сабағына қатысамын, кітапханаға барамын, Брайл қарпімен кітаптар оқуды үйрендім, концерттерден қалмауға тырысамын. Мен енді жүзуді үйренгім келеді. Жақында мен Евгения Казакованың жобасының қатысушысы болдым. Ол бізге өнер үйірмесі бар соқырлар қоғамына қонаққа келді. Ол біздің сурет салуымызды көріп, технологияға қызығушылық танытты. Менің жолым болып, жобаға қатысушы болып іліктім. Бала кезімнен есте сақтау қабілетім жақсы. Мен әрбір кішкентай нәрсені есіме түсіремін. Ерте көктемде ауылдағы шөптің түсі қандай болды, найзағайдың алдында аспан қандай болды, күн батқанда қалай боялғаны бәрі-бәрі есімде. Евгения мен оның әріптестері бізбен жұмыс істей бастағанда, сонау бір түкпірде жасырылған эмоцияларым кенеттен жарылып сыртқа шығып жатқандай сезімде болдым. Мұны сөзбен жеткізу мүмкін емес», – дейді Нұрбатша Қалиева.

Көру қабілеті жоқ адам өте жарқын суреттерді, қанық түстерді және күрделі ауысу техникаларын көрсете алады. Евгения Казакова айтқандай, бұл нағыз феерия және гүлдер фестивалі. Бұл жандар түстерді реңктері бойынша анық ажырата отырып, оларды шебер араластырады. Мысалы, жай қызыл емес, көкнәр қызыл, лимон сары, канарейка түстес жасыл. Жарты реңкті өте нәзік көру қабілетінен айырылған адам ғана көре алатын сияқты.

«Мұндай жоба идеясы менің Digital Sound көрмемнен кейін пайда болды. Бұл зерттеуге негізделген жоба, өйткені мен көру қабілетінің күн сәулесінен рефлексиясын негізге алдым. Күнге ұзақ қарап, көзіңді жұмып, бейнелерді көресің, мен осы құбылысқа қызықтым. Мен апта бойы көңіл-күйіме, күйіме, ауа-райына қарамастан бейнелерді жинадым. Белгілі бір уақытта бейсанам өте күрделі сюжеттерді қайта жасай бастады. Бұл жайт менің қызығушылығымды тудырды және менің көзімді жұмып, қараңғылықта толық түсті суреттерді көретінімді түсіндім. Бұл сезімдерді толығымен қараңғылықта жүргендер қалай жеткізеді деген ой келді. Осылайша суреттерді дыбысқа айналдыру идеясы дүниеге келді. Сол көрмеде сіз суретті ести аласыз. Әр жұмыстың QR кодтары қайта жасалды, әр сурет үшін дыбыс инженері екеуміз спектрлік талдау арқылы гистограмма жасадық, содан кейін біз оның бәрін дыбысқа аудардық, яғни мен планшетте салған әр суретті дыбысқа айналдырдық және ол жұмыстар естілетін болды» деп бөлісті суретші-зерттеуші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Евгения Казакова.

Евгения үшін бұл жоба ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс істеудегі алғашқы тәжірибе. Көзі көрмейтін адамға кенепте сурет салуға мүмкіндік беру үшін композициялар контурлармен сызылады, яғни болашақ кенептің негізі мүмкіндігінше жасалады.
«Біздің жұмысымыздың басында біз көзқарасты толығымен өзгерту қажет екенін түсіндік, яғни толық қараңғылықта жүрген адамның өзін қалай сезінетінін түсіну үшін, бұл онымен қарым-қатынас жасау арқылы ғана мүмкін болатынын түсіндік. Композицияның тактильді түрде қабылдануы маңызды, өйткені зағип адамның бағдары тура мағынасында 1,5-тен 1,5 сантиметрге дейін, ал егер ол жан-жағына бұрылып, әңгімеге алаңдаса және т.б. және кенепке қайта оралса, ол кенепте адасып қалатыны сөзсіз. Сондықтан бұл жандардың сезінуі үшін мүмкіндігінше контур мен текстураны жасадық. Жұмысқа кіріспес бұрын шығарманы тыңдауды ұсынамыз. Бұл жұмысты үш аспап дыбыстайды. Бұл гитара, синтезатор және қобыз. Бұл музыкалық аспаптар реакция жасайтын әдемі дыбыс жасайды, өте жарқын дірілдер басталады және осы күйде кенеппен танысып, біз бұл суретті түрлі-түсті түрде көруді ұсынамыз. Олардан сұрағанымызда бәрі солай деді.
Олардың мұндай жұмыста тәжірибесі мол болды, мұндай әдістеме олар үшін жаңа болды, бұл жоба зағип жандар үшін бояулардың шашырауы, оларда отырған, шығара алмайтын эмоцияларының сыртқа шығуы болды. Осы жоба арқылы зағип жандардың тұйықталған әсерлері мен эмоцияларын кенепке түсіруге көмектескен гид болғанымыз белгілі болды», — дейді суретші-зерттеуші.

Өнер – емші

Жобаға қатысушылардың бірі оның көру қабілетінен айырылған соң көп уақытын жалғыз өткізіп, ең болмағанда бір нәрсемен айналысу үшін қиялдап, басындағы түстерді араластыра бастағанын айтты. Ол көкке аздап қара, қызылға сары түс қосса, не болатынын елестетіп, соңғы шыққан түсті «көреді».

«Музыканы тыңдаған кезде біз контурларды сезінеміз, ойша басымызда сурет сала бастаймыз. Содан кейін ең қызықтысы — түс таңдау басталады. Осы кезде қиялдың самғауы басталып алыс естеліктер ояна бастайды. Біз сурет салып қана қоймаймыз, өзімізді қажет сезінеміз және мүмкіндіктеріміз кеңейе түсуде. Зағиптар қауымындағы барлық жандар өте дарынды. Олар үнемі алға ұмтылуға тырысады. Мысалы, мен өзім үшін көп нәрсені аштым, бір ғажабы, көзім көріп жүргенде осының бірін жасамаппын», — дейді Нұрбатша Қалиева.

Шығармашылық жобаның мақсаты – бейнелеу өнеріне инклюзивті қоғамды тарту. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлеуметтік құрамдас бөлік маңызды және өнер олар үшін шынымен емдік орта. Өкінішке орай Қазақстанда әзірге тактильді залдар мен мұражайлар жоқ. Мүмкін осы жобаның арқасында мұндай тәжірибе дами бастайды және өнер бәріне қолжетімді болады.

Көзі көрмейтін немесе нашар көретін жандарды бейнелеу өнері әлемімен осылай таныстыру оларды да біраз қуантады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×