Now Reading
Елордалық спортшы паражүзуден әлемдік серияның екі дүркін қола жүлдегері атанды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордалық спортшы паражүзуден әлемдік серияның екі дүркін қола жүлдегері атанды

Елордалық спортшы паражүзуден әлемдік серияның екі дүркін қола жүлдегері атанды

17-19 мамыр аралығында Сингапурде паражүзуден әлемдік серия өтті. Жарысқа 21 елден 126-дан астам спортшы қатысты. Елордалық паражүзуші Сиязбек Далиев чемпионаттың екі дүркін қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Сингапурде паражүзуден әлемдік серия классификациясы өтті. Ұлттық құрама сапында Кенжебек Диас, Нұрдәулет Жұмағали, Сиязбек Далиев және Зульфия Ғабидуллина болды.

«Астаналық пара-спортшы Сиязбек Далиев жарыстың алғашқы екі күнінің қорытындысы бойынша 50 метрге баттерфляй және 50 метрге арқамен жүзуден қола медаль жеңіп алды. Бүкіләлемдік серия – Паралимпиада ойындарына дейін ең аз іріктеу ұпайларын қамтамасыз ететін іріктеу жарысы. Алда бізді әлемдік деңгейдегі халықаралық жарыстар күтіп тұр. Ұлттық құрама лицензия алу үшін аянбай еңбек етуде. Жақсы нәтиже болады деп үміттенеміз», — деді паражүзуден ұлттық құраманың бас бапкері Айдар Қартбаев.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...