Now Reading
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астанада ондаған түрлі іс-шаралар жоспарланған
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астанада ондаған түрлі іс-шаралар жоспарланған

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астанада ондаған түрлі іс-шаралар жоспарланған

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астанада ондаған түрлі іс-шаралар жоспарланған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

«1 маусымда бүкіл әлем Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Алғашқы жазғы демалысқа орай Астананың бес ауданында концерттер, акциялар, көрмелер, байқаулар, шығармашылық фестивальдер және т.б. қоса алғанда, ондаған түрлі іс-шаралар өтеді», — делінген хабарламада.

 

•30 мамырда сағат 18.00-де Амфитеатрда «Жасыл Ел» маусымының ашылу салтанаты өтеді. Сағат 10.00-де Достық үйінде «Балаларды қорғау – ел болашағын қорғау» атты дөңгелек үстел өтеді.

 

•31 мамыр күні сағат 10.00-де «Билайн Арена» теннис орталығында «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қоры балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырады. Осы уақытта «Железнодорожный» тұрғын алабының саябағында тұрғындарды «ЮНИМОТО» мотокросы бойынша көрсетілімге шақырады. 31 мамыр күні «Mega Silk Way» СОО-да «Никулиннің Мәскеу циркі» өнер көрсетеді. Қойылымдар 1-25 маусым аралығында өтеді.

 

•31 мамырда сағат 11.00-ден бастап Көктал саябағында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін көңілді старттар өтеді. «Жерұйық» саябағында осы күні сағат 15:00-де арқан тарту, гір көтеру, асық ату және т.б. бойынша ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылады. Триатлон саябағында сағат 15:00-де «Әкем, анам және мен – тату отбасы» атты дәстүрлі көңілді старттар өтеді. Астаналықтар «Бақытты балалар – бейбіт елдің тірегі» концертін Кирпичный, Қазқалашық, Өндіріс тұрғын алаптарында және Ататүрік саябағында сағат 11:00-де тамашалай алады. Ататүрік саябағында қонақтарға арналға асфальтқа сурет салу, балаларға арналған көңілді старттар, аниматорлардың қойылымдары және тәтті сыйлықтар тарату іс-шаралары өтеді. «Жетісу» және «Астаналық» саябақтарында сағат 15:00-де ерекше балалар арасында көңілді старттар ұйымдастырылады.

 

•1 маусым күні сағат 18.00-де эстрада әртістерінің қатысуымен Есіл өзенінде қалқымалы театр форматында концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Осы ретте Ғашықтар саябағында ойын-сауық бағдарламасымен еуропалық өнімдердің жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы ғимаратының жанындағы алаңда «Балалық шақ энергиясы» стрит-арт фестивалінде қонақтарды күтеді. Жазушылар аллеясында сағат 12.00-де «Салауатты өмір салты – салауатты отбасы» би флешмобын және «Балғын балалар – біздің болашақымыз» атты балалық шақ мерекесін тамашалай аласыздар. Сағат 12:00-14:00 аралығында «Жерұйық» саябағында «Сәлем, жаз!» және «Елдің бақыты – балалық шағы» мерекелік концерт өтеді. Триатлон саябағында осы уақытта «Ailand Family Run» отбасылық жарысы өтеді. Бір күн бойы Ailand отбасылық демалыс орталығының жанындағы аттракциондар саябағында балаларға арналған анимациялық бағдарламамен жазғы фестиваль өтеді. Көктал тұрғын алабының Қорғалжын алаңында таңғы сағат 10.00-ден бастап қонақтарға арналған «Koktal Junior» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады. Қуыршақ театры мерекеге М.Арғымбаевтың «Элвин және сиқырлы орман тұрғындары» ертегісін дайындады. Көрсетілімдер 12:00 және 16:00-де өтеді.

 

•1 және 2 маусымда Жетісу саябағында сағат 10.00-ден бастап «Бөпе жәрмеңкесі» отбасылық фестивалі өтеді. Қалалық алаңда сағат 14.00-ден 20.00-ге дейін «Шығармашылық жаз» фестивалі өтеді.

 

•1 маусым күні сағат 15.00-де Арбатта «Қара, оқы» караоке іс-шарасы өтеді, бүлдіршіндер сахнада танымал әндерді шырқай алады. Елордалық Амфитеатрда күні бойы балалар шығармашылығы мен спорт фестивалі өтеді. 11.00-де Пригородный тұрғын алабында балаларға арналған мерекелік концерт өтеді. 14.00-де Үркер тұрғын алабындағы «Айғыржал» саябағында шоу-бағдарламасы мен балаларға арналған аниматорлардың концерті басталады. Елорданың барлық бес ауданындағы ашық алаңда мерекелік концерттер өтеді. «Жастар» театры 11.00 және 12.30-да жас көрермендерді Л.Толстойдың «Буратино» ертегісіне шақырады. Сол күні сағат 15.00-де Есіл өзенінің жағасындағы понтон сахнасында мерекелік концерт өтеді.

•2 маусымда Балаларды қорғау күніне орай Қосшы-Ильинка айналма жолында сағат 9:00-13:00-ден бастап «Ерекше әлем» веложарысы өтеді.

Елордалық филармонияның симфониялық оркестрі «Балалардан балаларға базарлық» қайырымдылық концертімен өнер көрсетеді, «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені Ашық есік күнін өткізеді, ал Горький атындағы орыс драма театры Супониннің «Коза-Дереза» ертегісін көрсетуге шақырады. Аудан әкімдіктерінің бастамасымен аз қамтылған отбасы балалары үшін мерекеге орай кинотеатрға, мұражайларға, театрларға сапарлар ұйымдастырылуда.

 

•2 маусым мен 10 маусым аралығында Ailand орталығының жанындағы ойын-сауық саябағында балаларға арналған караоке, би батлдары, ойындар мен жарыстар бар күнделікті шоу-бағдарлама ұйымдастырылады. 1 маусым күні сағат таңғы 6.30-да Триатлон саябағында «Charity Samruk Marathon-2024» қайырымдылық жарысы басталады.

 

Елорда аудандарында Балаларды қорғау күніне орай бірнеше жаңа аула кеңістігі ресми түрде ашылады.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×