Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінімдерді қабылдау жалғасуда
Елордада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңіне қатысуға өтінімдер қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Байқаудың негізгі мақсаттары – отбасы институтын нығайту, адамгершілік, руханият, жауапты некенің маңыздылығын мойындау, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау, кәмелетке толған балаларды мүгедектігі бр жандар мен қарт ата-аналарға күту, қазақ отбасының оң имиджін насихаттау.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар қажет:
1) ата-анасының (қамқоршысының) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) патронаттық (қамқоршылық) отбасылар үшін — кәмелетке толмаған балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы жергілікті уәкілетті органның шешімінен үзінді көшірмелері;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмелері;
4) ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмелері (бар болса);
5) балаларды тәрбиелеуге ынталандыру, белгілі бір жетістіктер үшін ынталандыру құралдарының болуын көрсететін құжаттардың көшірмелері;
6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екі);
7) отбасы мүшелерінің еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;
8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, патронат, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;
9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру.
Қатысуға өтінімдер 15 маусымға дейін mereyli.otbasy2024@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады (pdf форматында).
Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: 8 701 111 13 46; 8 702 202 00 77; 8 7172 55 67 08; 8 7172 55 67 01.