Now Reading
«Таза Дүйсенбі»: «Жасыл ел» жасақтары Астана бас мешітінің аумағын тазартты
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Таза Дүйсенбі»: «Жасыл ел» жасақтары Астана бас мешітінің аумағын тазартты

«Таза Дүйсенбі»: «Жасыл ел» жасақтары Астана бас мешітінің аумағын тазартты

«Таза Дүйсенбі»: «Жасыл ел» жасақтары Астана бас мешітінің аумағын тазартты

Бүгін қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары кезекті «Таза Дүйсенбі» акциясын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл шараны «Студенттік құрылыс және жастар жасақтарының республикалық қозғалысы» қоғамдық қоры «Таза Қазақстан. «Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі» атты жоба аясында ұйымдастырған болатын.

Республиканың бас мешітінің аумағын 170-тен астам жас тазартты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның мақсаты – қаладағы экологиялық ахуалды жақсарту және тазалықты сақтау.

«Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру мемлекеттік жастар саясатының негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады.

«Бұл елде абаттандыру, көгалдандыру, халық арасында экологиялық білімді насихаттау, өскелең ұрпақтың өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы студент жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ бүгінгі шара барысында Өндіріс тұрғын алабының маңын тазалау жұмыстары жүргізілді. Біз экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыруымыз керек. Әркім өзінен бастауы керек», — деді «Республикалық студенттік құрылыс және жастар жасақтар қозғалысы» қоғамдық қорының төрағасы Марат Мұхамеджанов.

Биылғы жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтарының ХХ еңбек маусымы басталғанын айта кетейік. Жоба аясында елордада 14 пен 35 жас аралығындағы 4200-ден астам жас азаматтар жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Олар қаламыздағы нысандардың, оның ішінде «жасыл белдеу» аумағында, әлеуметтік нысандардың, оқу орындарының аумағында, қала саябақтарында, абаттандыру жұмыстарына атсалысуда.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...