Now Reading
Петропавлда мүмкіндігі шектеулі балалар республикалық турнирге дайындалуда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Петропавлда мүмкіндігі шектеулі балалар республикалық турнирге дайындалуда

Петропавлда мүмкіндігі шектеулі балалар республикалық турнирге дайындалуда

Петропавлда мүмкіндігі шектеулі балалар республикалық турнирге дайындалуда

Петропавлда мүмкіндігі шектеулі балалар қол күресінен республикалық турнирге дайындалуда. Шымкентте өтетін жарыста облыс намысын үш спортшы қорғайды. Қарқынды жаттығулар аптасына үш рет өтеді.

Данил Варфоломеев алты айға жуық белсенді түрде жаттығады – бокс, армрестлинг, күрес және емдік дене шынықтыру. Оның аутизм диагнозы спорттық белсенділігіне кедергі емес.

Елена Варфоломеева, Петропавл қаласының тұрғыны:

— Бұл үйірмеде бала спорттық дағдылармен қатар тірек-қимыл аппаратына бағытталған сауықтыру жаттығулары кешенін алады. Баламның тәртіпті болып, физикалық дайындығы біршама жақсарғанын байқадым. Біз барлық санаттардан өтеміз, сонымен қатар үйде дайындаламыз. Тек жеңіске ұмтылудамыз.

Оқушылармен екі жаттықтырушы жұмыс жасайды. Кез келген спорт түрі сияқты тәлімгерлер балалардың ерік-жігерін және жеңіске деген ұмтылысын дамытуға көмектеседі.

Николай Кардоватов, ФОК жаттықтырушысы:

— Мұндай балалармен жұмыс істеу оңай емес. Мен үшін бұл ең алдымен тәртіп. Тәртіп болмаса, сабақ сәтсіз болып саналады. Балалар баяу бейімделіп, әлеуметтенеді. Олар сенімдірек бола түсті. Бұл фитнес-сауықтыру клубы Петропавлда өткен көктемде ашылды. Қазір сабақтарға 4 жастан 18 жасқа дейінгі дамуында әртүрлі ауытқулары бар 20-дан астам бала қатысуда. Мұнда аутизм, церебральды сал ауруы, Даун синдромы бар, есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік бар.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...