Now Reading
Астанада әжелерге арналған жаңа клуб ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада әжелерге арналған жаңа клуб ашылды

Астанада әжелерге арналған жаңа клуб ашылды

Астананың Байқоңыр ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында әжелер үшін жаңа «Әжелер тобы» клубы ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

Бұл клуб зейнеткерлерге ерекше мүмкіндіктер ұсынады. Атап айтқанда, мұнда әжелеріміз түрлі шараларға қатысып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісе алады.

 

«Әжелер тобы» үйірмесінің ашылуына қолөнер үйірмесінің жетекшісі Балым Өмірзақова бастамашы болды. Орталықта қолөнер үйірмесінің жұмыс істеп жатқанына 2 жылдан асты. Бүгінде Балым Сапарханқызымен 300-ден астам әже білім алуда.

 

Бүгін үйірмеге жиналғандарға арнап «Орамал тон болмайды, жол болады» атты шеберлік сағаты өтті. Клубтың жаңа мүшелері орамал тігудің сыр-қырын үйренді. Бес саусағынан өнер тамған әжелеріміз музыкалық өнерлерін де ортаға салды.

 

Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру үшін жастармен тіл табысып, тәжірибе алмасуға жағдай жасап, клуб жұмысын алдағы уақытта да дамыту жоспарланып отырғанын айта кеткен жөн.

 

Байқоңыр ауданының белсенді ұзақ өмір сүру орталығы қаланың зейнеткерлеріне тегін қызмет көрсетеді. Зейнеткерлік жастағы адамдардың қызығушылықтарына қарай үйірмелер, йога тренингтері, психологтар, қолөнер үйірмелері, қазақ және ағылшын тілдері сабақтары, үстел ойындары мен мәдени-сауықтық іс-шаралар ұйымдастырылады.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×