Now Reading
Қарағанды облысының тұрғындары Jumys Tap жобасы бойынша жаңа мамандықтарды игеруде
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қарағанды облысының тұрғындары Jumys Tap жобасы бойынша жаңа мамандықтарды игеруде

Қарағанды облысының тұрғындары Jumys Tap жобасы бойынша жаңа мамандықтарды игеруде

Қарағанды облысында тұрғындарды жұмысқа орналастыру мақсатында «Jumys Tap» пилоттық әлеуметтік жобасы іске қосылды.

Кез келген адам тегін қысқа мерзімді курстар арқылы жаңа мамандықтарды игере алады. Жобаға қатысу үшін ресми тіркелген жұмыссыз мәртебесінің болуы міндетті емес.

«25 маусымда облыс тұрғындарын жұмыспен қамтуға бағытталған «Jumys Tap» пилоттық жобасы іске қосылды, бүгінгі таңда жыл соңына дейін 247 адам сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға жазылды. Жыл соңына дейін мың адамды оқытуды жоспарлап отырмыз» деп атап өтті Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова.

Оқыту колледждер мен мәдениет үйлерінде өтеді. Мамандықтардың тізімі үлкен: газ жұмысшысы, токарь, электрик, кондитер, сайт жасаушы, мобилограф, видеоредактор және т.б.

Кәсіби курстарға тіркелу жалғасуда. Барлық қажетті ақпаратты кеңес беру пункттерінде алуға болады. Кеңес алуды қолжетімді ету үшін бұл пункттер қоғамдық орындарда: ірі сауда орталықтары мен базарларда ашылды. Сондай-ақ, 60-50-50 телефоны бойынша қысқаша кеңес алу үшін байланыс орталығы жұмыс істейді.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...