Now Reading
Ержан Нұрлыбаев Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ержан Нұрлыбаев Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Ержан Нұрлыбаев Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Ержан Нұрлыбаев Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ержан Шәкірұлы Нұрлыбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Ержан Нұрлыбаев Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын жалпы медицина мамандығы бойынша, ал Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының хирургия факультетінің кафедрасында клиникалық ординатор болып бастаған. Қарағанды қаласының №1 көпсалалы клиникалық ауруханасында бөлім хирургы, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. Облыстың бас хирургы болған. Денсаулық сақтау басқармасында стационарлық қызметтерді үйлестіру және медициналық қызметті ұйымдастыру бөлімдерін басқарды. Профессор Ж.Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығының, облыстық клиникалық аурухананың директоры болып жұмыс істеген. 2014 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурызына дейін Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған.
2021 жылдың наурыз айында Қарағанды облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған.
2021 жылдан — «Қарағанды қаласының медициналық университеті» КЕАҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.
Бұл қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды қаласының облыстық клиникалық ауруханасының директоры қызметін атқарған.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...