Now Reading
Таза бейсенбі: экоакция барысында Байқоңыр ауданынан 11 тонна қоқыс шығарылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Таза бейсенбі: экоакция барысында Байқоңыр ауданынан 11 тонна қоқыс шығарылды

Таза бейсенбі: экоакция барысында Байқоңыр ауданынан 11 тонна қоқыс шығарылды

Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында «Таза бейсенбі» іс-шарасы жалғасып жатыр. Елордалық АMANAT партиясының өкілдерімен бірлесіп өткізілген Таза бейсенбіге 100-ден астам қатысып, Байқоңыр ауданындағы Өндіріс тұрғын алабына іргелес орналасқан «Көгілдір лагуна» аумағын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

Экоакция нәтижесінде, аудан аумағынан 11 тонна қоқыс шығарылды. Тазалық жұмыстарына арнайы техника жұмылдырылып, 8 рейс қоқыс полигонына шығарды.

 

AMANAT партиясы Астана қалалық филиалының саяси жұмыс бөлімінің басшысы Әбдіғани Бәзілханұлы «Таза бейсенбі» партиялық жобасы жаңа экологиялық мәдениет пен азаматтардың қоршаған ортаға деген саналы көзқарасын қалыптастыруды көздейтінін атап өтті.

 

«Бұл экологиялық акцияны еңбек тұрғысынан емес, идеология жағынан қарау керек деп ойлаймын. Адамдар өзінің туған жеріне, оның тазалығына мән беру керек. Елімізге, елордамызға келетін шетелдіктерге тазалығымыз, экологиялық мәдениетіміз көрінуі тиіс. Сондықтан да бұл ұлттық жоба халықты біріктіріп, тазалыққа шақырады», — дейді Ә.Бәзілхан.

 

AMANAT партиясы Астана қалалық Байқоңыр аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сергей Матюшенконың сөзінше, бүгінгі тазалық жұмысына 100-ден астам адам қатысып жатыр.

 

«Бүгін біз бастауыш партия ұйымдарымен бірге «Көгілдір лагуна» деп аталатын қаладағы көрікті жерге келіп, аумақты қоқыстан тазалап жатырмыз. «Таза бейсенбілік» акциясына шамамен 100-ге жуық адам қатысып жатыр. Көрікті жерге тоқталсақ, қала тұрғындары мен қонақтары арнайы осы орынға келіп, естелікке суретке түсіп жатады. Бірақ өкінішке қарай, келушілер қоқыс тастап кетеді. Экоакция аясында барлық қазақстандықтарды тазалыққа шақырамыз», – дейді С.Матюшенко.

 

Айта кету керек, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

 

Сонымен қатар, экоакция аясында Білім басқармасының ұйымдастыруымен елорда мектептерінде «Таза мектеп» челленджі басталды.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...