Түркияда Анталия әуежайының қызметкері қарағандылық мүмкіндігі шектеулі азаматты бетон баспалдақтан құлатып алған.
Оқиға туралы жасөспірімнің анасы журналист Денис Денскиге айтып берді.
Оқиға 8 тамызда болған.
«Менің оқырманым Әсел кеше «Эйр Астана» ұшағымен Анталиядан Астанаға ұшып бара жатқан ұшақта оның мүгедектігі бар баласын Анталия әуежайының қызметкері бетон баспалдақтан құлатып алғаны туралы жан түршігерлік оқиғаны айтып берді. Баланың анасы баласын Түркияда жылына бірнеше рет емделуге тырысады», — деп жазды журналист Instagram парақшасында.
Әселдің анасының айтуынша, олар ұшаққа отырғызуды күтіп тұрған.
«Әдетте, ұшаққа мүмкіндігі шектеулі адамдарды брінші кезекте отырғызады. Біз ұзақ уақыт күттік, бірақ бізге ешкім келмеді. Содан өзіміз ұшаққа баруға шешім қабылдадық. Тексеру пунктіне жетуге қазақстандықтар көмектескен болатын. Бірақ біз түскеннен кейін тағы бір үлкен кедергіге жолықтық — үлкен бетон баспалдақтары. Біз сол баспалдақ арқылы ұшаққа баруымыз керек болды», — деп бөлісті әйел.
Осы кезде әуежай қызметкері жақындап келіп, неге екені белгісіз ауру баланы қолына көтеріп алып жүрмек болады. Кейін жақын жерде лифт болғаны белгілі болады.
«Қызметкердің неліктен лифтті пайдаланбағаны белгісіз, Әселдің айтуынша, әуежай қызметкері, артық салмағы бар ер адам баспалдақта тепе-теңдік сақтай алмай қолындағы баламен бірге баспалдақтан домалап құлаған. Құлау салдарынан Аңсардың денесінің көптеген жері көгерген және еті сыдырылған. Сол аяғы гипсте, оң қолының сүйегі жарақаттанған, қаншама гематомалар алған. Анасының айтуы бойынша құлағаннан кейін әуежайда оларға көмектесуге ешкім асықпаған», — деп жазды Денис Денский.
Бала қазіргі уақытта Анталиядағы ауруханада жатыр. Анасы болған жағдайға қатты шошынып, заңдық және қаржылық көмек сұрайды. Отбасының Түркияда қалуына рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауы да қажет. Жасөспірім ұзақ емделіп, одан әрі оңалту курсынан өтеді.
«Эйр Астана» компаниясы болған оқиғаға қатысты келесі пкір білдірген:
«Эйр Астана компаниясы 8 тамызда Анталия әуежайында орын алған жағдайға алаңдаулы. Алдын ала мәлімет бойынша, Анталия — Алматы бағыты бойынша КС 916 рейсі қонар алдында әуежай терминалында мүмкіндігі шектеулі бала құлап кеткен, соның салдарынан бала жергілікті ауруханаға жатқызылды. «Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Анталия әуежайына хабарластық. Біз Ансардың отбасына көңіл айтамыз және тезірек сауығып кетуін тілейміз. Өз кезегінде авиакомпания зардап шеккен жолаушыға барлық көмекті көрсетеді, оқиғаның мән-жайын тергеуге барынша қолдау көрсетеді».