Өңірлерге әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсету аясында «АК Алтыналмас» АҚ дәстүрлі түрде «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысып, балаларға дайын рюкзактарды сыйға тартты.
«Алтыналмас» серіктестігі Қарағанды, Жамбыл, Ақмола облыстарында орналасқан Ақсу, Жолымбет, Бестөбе, Ақбақай, Ортадересін ауылдарынан келген 331 баланы мерекемен құттықтады.
«Мектепке жол» акциясы халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан, яғни мұқтаждарға, сондай-ақ көп балалы отбасыларға арналған мектеп оқушыларына сыйлықтарды қамтиды. Балаларға 28 данадан тұратын толық жабдықталған рюкзактар: сурет салу және сызу жинақтары, бояулар мен қарындаштар, дәптерлер, мұқабалар және оқу мен шығармашылыққа қажетті басқа да заттар берілді.
— Біз шағын ауылда тұрамыз, мұнда өмір оңай емес: кейде адамдар күзге арналған рюкзактар мен жаңа аксессуарлар немесе жылы күрте сатып алайық па деген таңдау алдыңда тұрады. Сондықтан «Алтыналмас» компаниясы бізге рюкзактар сыйлайды деп қуантқан кезде, балалар қуаныштан секіріп кетті! Бұл олардың қарындаштары мен оқу жинақтарын бір-бірімен бөліспей, 1 қыркүйекте барлық жаңа заттармен мектепке баратынын білдіреді. Ал жинаған ақшаға жолдасым екеуміз балаларымызға жаңа киім алып береміз, бұл ауыл тұрғындары үшін үлкен көмек, Рахмет! – деді мектеп оқушылары Ердәулет, Ернар және қыз Назеркенің анасы Анар Жұмабекова.
Ортадересін ауылдық округінің әкімі Сейтқали Кркруовтың айтуынша, Ортадересін ауылындағы мектепте 42 бала білім алуда, бұл 1-11 сынып аралығындағы балалардың жалпы саны. Мұндағы жұрттың бәрі бір-бірін таниды, әр шаңырақтың отбасылық жағдайынан, қуанышы мен қиындығынан хабардар.
«Сондықтан біз қыс мезгіліне де, мектеп маусымына да бірге дайындаламыз. «Алтыналмас» компаниясының биылғы жылы өз тілегін білдіріп, балаларымызға мектептегі толық рюкзактар сыйлағаны бізді қуантады. Демалыстардың басталуы туралы хабарланғанда да мұндай қуанышты көрген емеспін. Енді білім алушылардың өздері білім алып, мұғалімдердің тапсырмаларын орындауы керек, ал оқу құралдары тапсырылды, балалар оқу маусымына толықтай дайын», — деді әкім.
«Мектепке жол» акциясы, әсіресе, қарапайым өмір сүріп, бірнеше бала тәрбиелеп отырған отбасыларды қамтамасыз ететін өңірлер мен шағын ауылдар үшін өзекті. Гүлжайнат Карипбекованың отбасы осындай, оның жұбайымен бес қызы бар: Жансая, Жанель, Анель, Жанетта және Ұлпан.
— Бес балаңыз, әсіресе олар қыздар болса, барлығын жаңа киіммен қуантқыңыз келеді. Ал, «Алтыналмас» компаниясының арқасында күйеуім екеуміз бұған қол жеткіздік – компания бізге бірнеше жылдан бері көмектесіп келеді, мұны ауылдағылардың бәрі біледі және асыға күтеді! Өйткені, балалар мектепке дайын болса, киініп, аяқ киімін киіп жүрсе, ана мен әкенің жүрегі тыныш. Бұл науқан әлі көп, көп жылдар бойы жалғасын тауып, қайырымды жандар жақсылық жасасын,өйткені білімді балалардан жақын арада біздің келесі, лайықты ұрпағымыз өседі», – деп түйіндеді сөзін көпбалалы ана Гүлжайнат Кәріпбекова.