Now Reading
Елордада «Taza Astana» әлеуметтік жобасы жалғасуда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордада «Taza Astana» әлеуметтік жобасы жалғасуда

Елордада «Taza Astana» әлеуметтік жобасы жалғасуда

Астанада «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында бастау алған «Taza Astana» әлеуметтік жобасының мақсатын түсіндіру бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталған жоба тұрғын үй маңын абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізуге бағытталған.

Бүгін, жобаның үшінші күні астаналық тұрғындарға іс-шараның мақсаты түсіндіріліп, балаларға арналған анимациялық шоу-бағдарлама ұйымдастырылды.

«Біз «Taza Astana» әлеуметтік жобасы қатысушылары қатарына енгеніміз үшін өте қуаныштымыз. Мұндай жобалар аясында үйіміз бен ауламыздың сәні кіріп қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтереді деп есептейміз. Әлбетте, Мүлік иелері бірлестігі тарапынан тазалық пен абаттандыруға байланысты жүйелі жұмыстар жүргізіліп тұрады. Алайда «Tазалық жиналған жерде емес, шашылмаған жерде» деген нақыл бар емес пе? Сондықтан, бір жағы, тазалықтың сақталуы тұрғындардың өз қолында екенін ескеру керек. Бұл тұрғыда экоакциялардың жиі өткізіліп тұрғаны ғанибет. Сонымен қатар Есіл ауданы әкімшілігінің ауламызға тасжол төсеп, орындықтарды орнатып, балалар алаңқайын жасап бергенін айта кеткім келіп отыр. Соның арқасында ауламыздың жайлылығы анағұрлым артты», — деді Мүлік иелері бірлестігінің төрағасы Сырым Джаханов.

Жоба аясында арнайы құрылған экологиялық комиссия тоқсан сайын «Ең таза аула», «Ең үздік кәсіпорын», «Ең үздік мекеме» атақтарын белгілейтін болады. Ал нәтижесінде үздік аулаларға түрлі номинациялар берілмек.

Айта кетейік, аумақты тексеру үшін жобаға қатысу ерікті болып саналады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...