Now Reading
Цифрлық даму министрлігі қазақстандық паралимпиадашыға ипотекалық қарызын өтеуге көмектесті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Цифрлық даму министрлігі қазақстандық паралимпиадашыға ипотекалық қарызын өтеуге көмектесті

Цифрлық даму министрлігі қазақстандық паралимпиадашыға ипотекалық қарызын өтеуге көмектесті

Сопртшы сонымен қатар алғыс хат пен «Үздік цифрландырушы» медалімен марапатталды.

Цифрлық даму министрлігі қазақстандық атқыш Еркін Ғаббасовтың ипотекалық қарызын өтеуге көмектесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Еркін Ғаббасов Парижде өткен Паралимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанды. Қазақстандық 10 метрлік мылтықтан ату бойынша R1 класында екінші болды.

«Біздің арамызда паралимпиадада атудан Қазақстанға алғашқы медаль әкелген спортшының бар екенін мақтан тұтамыз. Еркін Көкшетау қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Оның табысқа жету жолы табандылық пен мықты рух тарихы болып табылад», — деді министрлік.

Еркінді Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жеке құттықтап, Алғыс хат пен «Үздік цифрландырушы»медалін табыс етті.

«Біздің бөлім оған 7 миллион теңгенің сертификатын беру арқылы оның ипотекалық қарызын жабуға көмектесуді ұйғардық және оған алдағы уақытта жеңістер тілейміз», — делінген хабарламада.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...