Now Reading
Астанада жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдау басталады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдау басталады

Астанада жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдау басталады

Астанада жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдау басталады

Астанада 23 қыркүйекте «Көпбалалы отбасылар» және «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаттары үшін «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты қаланың тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына сілтеме жасап.

Өтініштер 2024 жылғы 23 қыркүйекте сағат 09:00-ден 7 қазан 18:00-ге дейін birge.astana.kz электронды порталы арқылы қабылданады.

«Көпбалалы отбасылар» санаты үшін пәтерлер саны – 223 пәтер (оның ішінде 69 пәтер өткен кезеңнің көлемі).

«Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатына арналған пәтерлер саны – 154 пәтер.

«Халықтың әлеуметтік осал топтары» басқа санаттарына арналған пәтерлер саны – 458 пәтер.

Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй.
Нысандардың орналасқан жері: Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы ауданында; Нұрғиса Тілендиев даңғылы; Астана-Қарағанды тас жолы ауданында.

Қатысушыларды іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі және отбасы құрамы ескеріледі.

Қатысуға өтінімдерді кезекке қойылған барлық жылдағы кезекте тұрғандар бере алады, алайда қатысуға өтінім бергендер арасында басқалардан бұрын кезекте тұрғандар өтеді.

Толық ақпаратты Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының ресми сайтынан білуге болады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...