Now Reading
Елордада 4700-ден астам студент тегін білім алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордада 4700-ден астам студент тегін білім алады

Елордада 4700-ден астам студент тегін білім алады

Елордада 2021-2022 оқу жылына арналған «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы шеңберінде 15 бағыт бойынша 4752 орынға арналған сұранысқа ие 49 мамандық бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы дайындалды, оның ішінде 1050 орын «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысшы біліктілігі бойынша тегін білім алуға арналған. Бұл туралы «Техникалық және кәсіптік білім беру колледждеріне (ТжКБ) қабылдау туралы» брифингте белгілі болды.

Елорданың білім басқармасы өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыс 100 орынға көбейтілгенін хабарлады. Сонымен қатар жастарды 2025 жылға дейін қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ-мен 100% қамтуға кезең-кезеңімен көшу жоспарланған. Бүгінгі күні 34 колледж техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі бойынша білім беру қызметін ұсынады. Оның 9-ы мемлекеттік, 25-і жекеменшік, 26492 студент қамтылған, оның ішінде 14 085 адам мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алады. 

«Оқыту 77 мамандық және 122 біліктілік бойынша келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету — 20,4%, білім беру — 11,5%, медицина — 14,5%, құрылыс, коммуналдық қызметтер, технологиялар — 9,3%, энергетика және көлік — 9,1%, өндіріс, монтаждау, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша) — 12,6%, байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар — 13,8% құрайды», — деді Нұр-Сұлтан қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Римма Иманғазинова. 

Елордада білім беру және ақпараттық технологиялар саласы қызметкерлеріне және қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету, құрылыс, коммуналдық қызметтер саласындағы жұмысшыларға қажеттіліктің артып келе жатқанын айтты. Осыған сәйкес ағымдағы жылы осы талап етілетін қызмет бағыттары бойынша кадрларды даярлауға арналған орындар саны көбейтілді.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×