Now Reading
Астанада өтетін пауэрлифтингтен әлем чемпионатында мықтылар бас қосады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада өтетін пауэрлифтингтен әлем чемпионатында мықтылар бас қосады

Астанада өтетін пауэрлифтингтен әлем чемпионатында мықтылар бас қосады

2024 жылдың 5-12 қазаны аралығында Астанада көру қабілеті нашар және зағип спортшылар арасында пауэрлифтинг және жатып сығымдаудан IBSA әлем чемпионаты өтеді.

 

Бұл айтулы шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып, әр елдің мықты спортшылары бақ сынамақ.

 

Жарысқа 9 елден 71 спортшы қатысады: Қазақстан, Грузия, Украина, Түркия, Египет, Ливия, Чехия, Израиль және Кения. Барлығы 130 қатысушы келеді, оның ішінде жаттықтырушылар, қамқоршылар және төрешілер бар.

 

Бұл Қазақстандағы көру қабілеті нашар және мүлде зағип спортшылар арасында өткізіліп жатқан осындай ауқымдағы әлемдік жарыс. Чемпионат еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың инклюзиясын қолдау мен спортты дамытудағы маңызды қадам болмақ.

 

Чемпионатты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның пара-пауэрлифтинг федерациясы мен Қазақстан зағиптар спорты қауымдастығы өткізеді.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...