Now Reading
Парадзюдо және пара жүзу: елордалық спортшыларға арналған медальдар мен марапаттар
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Парадзюдо және пара жүзу: елордалық спортшыларға арналған медальдар мен марапаттар

Парадзюдо және пара жүзу: елордалық спортшыларға арналған медальдар мен марапаттар

IV Азия Пара ойындарында ел абыройын асқақтатқан елордалық спортшыларды Астана әкімінің орынбасары Есет Бәйкен қабылдады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жиынға Астана қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, қала әкімдігінің «Жасөспірімдер спорт мектебі, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт мектебі» КММ басшысы Азамат Тағаев, парадзюдо федерациясының вице-президенті Медет Байкен, парадзюдодан IV Азия ойындарының жеңімпаздары Ақмарал Науатбек пен Ерғали Шамей, парадзюдодан IV Азия ойындарының күміс жүлдегері Асылан Нұрдәулетов және пара жүзуден IV Азия ойындарының қола жүлдегері Сиязбек Далиев, спортшылардың жеке жаттықтырушылары Дәурен Оразов, Айдын Анапин, Станислав Редько қатысты.

«Сары құрлықтың басты додасында қазақстандық спортшылар 41 медаль жеңіп алды. Оның 8-і алтын, 12-сі күміс, 21-і қола. Ұлттық құрама командалық есепте 11-орынға ие болды. Бұл қатарда астаналық спортшыларымыз да бар. Өңірлер арасында медаль саны бойынша астаналық параспортшылар көш бастады. Астана 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль алды. Пара Азия ойындарындағы бүгінгі жеңістер болашақ Паралимпиада ойындарына дайындықтың маңызды қадамы болып табылады. Әлі талай асуларды бағындыруды тілеймін!». – деп жылы лебізін білдірген Есет Бәйкен спортшыларға ақшалай сертификаттар табыс етті.

Кездесу барысында парадзюдо құрамасының капитаны Ерғали Шәмей Есет Берікұлына IV Азия Пара ойындарында киген жеке кимоносын сыйға тартты.

Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары бұл кимононың алатын орны ерекше екенін айта келе, алдағы уақытта оның Астана қаласы әкімдігінің орталығында болатынын атап өтті.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×