Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, 2024 жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар жалпы сомасы 348,9 млрд теңгеге орта есеппен 576,4 мың отбасын қамтыды.
Оның ішінде қыркүйекте 525,9 мың отбасы жалпы сомасы 35,2 млрд теңгеге жәрдемақының бұл түрін алды.
«Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе бірге тұратын 23 жасқа толмаған күндізгі бөлімде оқитын студенттер табысына қарамастан, бұл мемлекеттік жәрдемақыға өтініш бере алады», — деді министрлік.
Төлемдердің мөлшері балалардың санына байланысты сараланады және 2024 жылы:
4 балаға – 16,03 АЕК, немесе 59 183 теңге;
5 балаға – 20,04 АЕК, немесе 73 988 теңге;
6 балаға – 24,05 АЕК, немесе 88 793 теңге;
7 балаға – 28,06 АЕК, немесе 103 598 теңге;
8 және одан да көп балаға – 4 АЕК, немесе әр балаға 14 768 теңге.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалы отбасыларға берілетін барлық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 7%-ға ұлғайтылды.
Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474 млрд теңге қарастырылған.
16 қазанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы әлеуметтік төлемді қандай азаматтар талап етуге құқылы екенін және оның мөлшері қандай екенін еске салды.