Now Reading
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы елордада балаларға бокстан шеберлік сабағын өткізді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы елордада балаларға бокстан шеберлік сабағын өткізді

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы елордада балаларға бокстан шеберлік сабағын өткізді

Елорданың Байқоңыр ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арналған «Ұрпақтар арасындағы сабақтастық» қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

 

«Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» Байқоңыр ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, «Өндіріс» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде спорттық шеберлік сабақтарын, арқан тарту және асық атудың ұлттық ойындарын өткізіп, қалпына келтіру гимнастикасының жаттығуларын көрсетті.

 

«Бүгінгі іс-шара балаларға спортпен шұғылданудың маңыздылығын көрсетті. Аға буын өкілдерімен өткізілген шеберлік сыныбы мен түрлі ойындар кішкентай бүлдіршіндерімізге дұрыс үлгі көрсетті. Балаларға дайындалған сыйлықтар салауатты өмір салтына мотивация болады», — дейді Байқоңыр аудандық әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Тұртаев Жанболат.

 

Іс-шараға 82 жастағы спорт шебері, бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Айсұлтан Жақыпбек қатысты. Ол балаларға бокстан шеберлік сыныбы мен тренинг өткізді.

 

Мереке соңында балаларға Байқоңыр ауданы әкімдігі түрлі сыйлықтар табыс етті.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...