Now Reading
Tanda.Enbek.kz: мүгедектігі бар жандарға арналған онлайн бос орындар жәрмеңкесі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Tanda.Enbek.kz: мүгедектігі бар жандарға арналған онлайн бос орындар жәрмеңкесі

Tanda.Enbek.kz: мүгедектігі бар жандарға арналған онлайн бос орындар жәрмеңкесі

Tanda Enbek алаңында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ «IteachMe» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырған мүгедектігі бар жандарға арналған республикалық онлайн бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ашылды. Жәрмеңкеге қатысуға әр өңірден 64 жұмыс беруші өтінім берді, олар порталға 498 бос жұмыс орнын, өз кәсіпорындары, сондай-ақ үміткерлер іздеп жүрген мамандықтары туралы мәліметтерді орналастырды.

 

Онлайн-Бос орындар жәрмеңкесі барысында өз қызметкерлерін табуға шешім қабылдаған жұмыс берушілердің арасында «Үлбі металлургия зауыты» АҚ (металлургия), «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС (электр энергиясын өндіру), «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Алматы қалалық филиалы (қаржы-банк қызметі), «ЭЙКОС» ЖШС (автомобиль шиналарын, дискілерді және оларға қатысты керек-жарақтарды сату) және басқалар.

 

Онлайн жәрмеңке 18 қазан күні сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Оған қатысу үшін үміткерлер сілтеме арқылы жәрмеңке бетіне өтіп, тіркеліп, жеке кабинетінде өзекті түйіндеме дайындауы қажет.

 

«Бос жұмыс орындары жәрмеңкелерінің бұл форматы екі тарап үшін де өте қолайлы. Жұмыс іздеушілер қолжетімді бос жұмыс орындарын жылдам қарап, әлеуетті жұмыс берушілерге түйіндемелерін жібере алады, бірден бірнеше ұйымдағы жұмыс жағдайын бағалай алады, HR менеджерлерімен байланыса алады, белгілі бір лауазымға қажетті біліктіліктерді біле алады және әңгімелесуге шақыру алады. Жұмыс берушілер үшін онлайн-жәрмеңкеге қатысу сонымен қатар бірнеше өтініш берушінің кандидатурасын қарастыруға, қажеттіліктерін білдіруге, олардың қызметінің маңызды аспектілерін түсіндіруге және ең қолайлы үміткерлер туралы жеке мәліметтер базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деді Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Дәулет Арғандықов.

 

Естеріңізге сала кетейік, Tanda Enbek платформасы іске қосылғаннан бері барлығы 54 онлайн бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×