Now Reading
«Таза Қазақстан»: Астанада «Елорданың жүз жарқын бейнесі» фотокөрмесі өтеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Таза Қазақстан»: Астанада «Елорданың жүз жарқын бейнесі» фотокөрмесі өтеді

«Таза Қазақстан»: Астанада «Елорданың жүз жарқын бейнесі» фотокөрмесі өтеді

Республика күніне орай Астанада 24 қазан күні сағат 15.00-де «Елорданың жүз жарқын бейнесі» атты фотокөрме өтеді. Бұл шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында туған жерге деген сүйіспеншілік пен экологиялық жауапкершілікті дәріптеуге арналған маңызды бастама болып саналады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

Іс-шара Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсыры бойынша өтіп жатыр.

 

Көрме елордамыздың тазалығы мен абаттандыруы үшін белсенді еңбек етіп жүрген қала тұрғындарының үлесін айқындап көрсетеді. Экологиялық мәдениетті насихаттап, табиғатты қорғау мен қаланы көркейтуге бағытталған бұл бастама қаланың тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосқан жандардың еңбегін елге таныту мақсатында ұйымдастырылады.

 

Фотокөрмеде елорданың тазалығына үлес қосқан белсенді қала тұрғындарының еңбегін бейнелейтін 100 сурет А3 форматында ұсынылады.

 

Жиын барысында қоршаған ортаны қорғауға, қала тазалығына байланысты маңызды мәселелер көтеріліп, қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған диалог алаңдары да ұйымдастырылады.

 

Фотокөрме Тұран 37, даңғылында орналасқан «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында өтеді.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...