Now Reading
Қазақстанда инклюзивті балабақша мен мектептер 80 пайызға дейін артады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда инклюзивті балабақша мен мектептер 80 пайызға дейін артады

Қазақстанда инклюзивті балабақша мен мектептер 80 пайызға дейін артады

Бүгінде ерекше балаларға жағдай жасаған білім мекемелерінің үлесі 20 пайыздан да төмен.

Қазақстанда 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы әзірленіп, жария талқыға ұсынылды.

«Құжат мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға және олардың тәуелсіздікке қол жеткізуіне, әлеуметтік, кәсіптік қабілеттерін сақтауға және өмірдің барлық аспектілеріне қатысуына мүмкіндік береді», – делінген құжат жобасында.

Тұжырымдамаға сәйкес, Қазақстанда мектептер мен балабақшаларда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар мен орта құруға басымдық берілген. Бүгінде мұндай жағдай жасалған мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің үлесі 20 пайызға да жетпесе, кезең-кезеңмен олардың үлесін 2030 жылға қарай 80 пайызға дейін арттыру көзделген.

Бұл ретте арнайы мамандарға сұраныс артатындықтан, кәсіби терапевт мамандарын, физикалық медицина және оңалту мамандарын, ортезистерді, протезистерді, ойын терапевтерін, музыкалық терапевтерді, логопедтерді даярлау үшін жоғары білім беру жүйесіне тиісті өзгерістер енгізіледі.
Ал әлеуметтік қызметкерлерді «әлеуметтік жұмыс», «әлеуметтік жұмыс менеджменті» мамандықтары бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарында, сондай-ақ шетелде «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыту да қарастырылады.

 

 

Источник: www.informburo.kz

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...