Таразда алаяқ мүгедектігі бар әйелдің пәтерін тартып алған
Қаскүнем оның жағдайын пайдаланып, екі бөлмелі пәтерді 9 миллион теңгеге сатып жіберген.
Таразда мүгедектігі бар әйелге пәтер қайтарылды. Тұрғын үйді алаяқ заңсыз тартып алған, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
62 жастағы жәбірленушінің бірінші топтағы мүгедектігі бар, психикалық ауытқушылықпен ауырады. 2023 жылдың маусым айында қаскүнем әйелдің жағдайын пайдаланып, оның екі бөлмелі пәтерін 9 миллион теңгеге сатып жіберген.
Прокуратураның талабы бойынша сот мүлікті бұрынғы иесіне қайтару туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар алаяқтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, ер адам қамауға алынды. Оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар екені белгілі болды.