Елордалық параспортшылар «USADSS & AWL 2024 OPEN NATIONAL CHAMPIONSHIPS» АҚШ-тың ашық чемпионатында парадажүзуден жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Орландода (АҚШ) парадажүзуден «USADSS & AWL 2024 OPEN NATIONAL CHAMPIONSHIPS» жарысы өтті – бұл ақыл-ойы бұзылған параспортшылар үшін маңызды оқиғалардың бірі. Жарыстар бойынша спортшылар арасында үш номинация бойынша өтті:
II-1 — жеңіл ақыл-ой кемістігі (IQ 75-тен төмен);
II-2 – Даун синдромы;
II-3 – аутизммен ауыратын спортшылар (АСД).
Биыл АҚШ-тың ашық чемпионатына Қазақстаннан параспортшылар алғаш рет қатысты. Қазақстан, АҚШ, Канада, Колумбия, Мексика, Жапония, Португалия, Австралия және Польша сынды сегіз елден 100-ден астам спортшы бақ сынады.
II-3 санатында Қазақстанды астаналық екі параспортшы – 17 және одан кіші жас тобындағы Валерий Югай және 18 және одан жоғары жас тобындағы Алпамыс Әмір қорғады. Олар әртүрлі пәндер бойынша жүлделі орындарға ие болды:
50 м еркін стиль – 1 орын Валерий Югай және 3 орын Алпамыс Әмір;
100 м еркін жүзу – 1 орын Валерий Югай және 6 орын Алпамыс Әмір;
200 м еркін жүзу – 2 орын Валерий Югай және 4 орын Алпамыс Әмір;
400 м еркін жүзу – 1 орын Валерий Югай және 3 орын Алпамыс Әмір;
800 м еркін жүзу – 3 орын Алпамыс Әміре.
Жаттықтырушы Ернұр Сайлаубектің тәрбиеленушілері Қазақстанды халықаралық аренада лайықты таныстыруға және өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік берген күрделі дайындықтан өтті.
«Біздің параспортшылар іріктеуден өтіп, барлық пәндер бойынша финалдық кезеңдерде сәтті өнер көрсетіп, Қазақстанға медальдар әкелгенін мақтан тұтамыз. Табысты өнер көрсеткеннен кейін команда 2025 жылы жаңа старттарға, соның ішінде Таиландта өтетін Virtus әлем чемпионатына және Ташкентте өтетін жасөспірімдер арасындағы Пара Азия ойындарына дайындалуға күш салады», — деді «Интеллектуалды мүгедектігі бар азаматтардың спорт федерациясы» РҚБ президенті Дина Темірғалиева”.