Now Reading
Қазақстан Республикасының Бочча командасы халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстан Республикасының Бочча командасы халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті

Қазақстан Республикасының Бочча командасы халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті

14-21 қараша аралығында Бахрейнде өткен Challenger Manama халықаралық турнирінде қазақстандық бочча құрамасы сәтті өнер көрсетіп, елордаға оралды.

Еліміздің намысын 10 параспортшы қорғады. Олар жекелей сында екінші, үшінші, жұптық сайыста үшінші, жалпы командалық есепте екінші орын алды.

Жарысқа барлығы 14 елдің өкілдері қатысты.

Нұргүл Ұлжекова, Қазақстан Бочча федерациясының бас хатшысы:

— Қазақстан құрамасы үшін бұл бесінші халықаралық жарыс. Бочча – мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған паралимпиадалық спорт түрі. Қазақстанда бұл спорт түрінің дамығанына көп уақыт болмаса да, біз жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Біздің өз федерациямыз бар және еліміздің барлық аймақтарында филиалдары ашылды.

Қазбек Өтепберген, бочча жаттықтырушысы:

— Турнир жақсы өтті. Бірінші күн оңай болған жоқ, өйткені Гонконг пен Кореяның мықты командаларымен күш сынасуға тура келді. Дегенмен, жеке жекпе-жектерде біз өзімізді тамаша көрсеттік.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...