14 желтоқсанда кезекші қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейтін болады.
Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 16 желтоқсанда халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.
Олар 17 желтоқсанда әдеттегі кесте бойынша – сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмысын жалғастырады.
Сондай-ақ, сенбі, 14 желтоқсанда кезекшілер сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді.