50-70 жастан асқан ер адамдар медициналық тексеруден өте алады.
Биылдан бастап Қазақстанда 50-70 жастан асқан ер адамдарда цереброваскулярлық бұзылу қаупін ерте анықтау үшін скринингтік тексеру енгізіледі, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Скринингті енгізу инсульт және басқа да ми ауруларының қаупін ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар қазақстандықтар ең жиі кездесетін сегіз ауруды ерте анықтау үшін скринингтік тексеруден өте алады.
— Артериялық гипертензия (екі жылда бір рет);
— Жүректің ишемиялық ауруы (екі жылда бір рет);
— Қант диабеті (екі жылда бір рет);
— Глаукома (екі жылда бір рет);
— Жатыр мойны обыры (әр төрт жыл сайын);
— Сүт безі қатерлі ісігі (әр екі жыл сайын);
— Колоректальды қатерлі ісік (әр екі жыл сайын);
— Вирустық гепатит (3-6 айда бір реттен жиі емес).
Ведомствоның мәліметінше 2024 жылы Қазақстанда скринингтік тексеру бағдарламасы бойынша 3,2 миллионнан астам азамат тексерілген.
«Нәтижелер аурудың 120 мыңнан астам жағдайының ерте кезеңдерінде анықталғанын көрсетті, бұл ерте диагностика жүйесін жетілдіру бойынша ағымдағы шаралардың тиімділігін растайды», — делінген хабарламада.