Тұрғын үй берілгеннен кейін әкімдік баспананы қайтаруды талап етті, деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
2009 жылы аз қамтылған және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын қостанайлық көп балалы отбасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекке тұрады. Ол кезекке қойылған кезде оның бес баласы 1 мен 22 жас аралығында болған.
Араға он жыл салып, отбасына Қостанайдан үш бөлмелі пәтер берілді. Алайда 3 айдан кейін қалалық әкімдіктің ТКШ бөлімі баспананың дұрыс емес бөлінуін алға тартып, алдағы уақытта басқа баспанамен қамтамасыз етуге уәде беріп, оны қайтаруды талап еткен.
2024 жылы 5 баланың анасы 2019 жылы ескертусіз тұрғын үй кезегіндегі тізімнен шығарылғанын білді. Оның өтінішіне тұрғын үй бөлімінен кезекке қайта қою мәселесі сот арқылы шешілуі тиіс деген жауап келген.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты дауды қарай отырып, тұрғын үй бөлімінің арыз берушіні кезекке қалпына келтіруден бас тартуын заңсыз, талап қоюшыны кезектен шығару кезінде анықталған процессуалдық бұзушылықтар деп таныды, нәтижесінде бас тарту заңсыз деп танылды.
Сот жауапкердің заң бұзушылықтарына жауап қайтарып, алдағы уақытта осындай оқиғалардың қайталанбауы үшін Қостанай қаласының әкіміне жеке ұйғарым шығарды. Шешім заңды күшіне енген жоқ», — делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін Ақмола облысында 23 адам баспана кезегінен заңсыз шығарылған болатын.