Now Reading
Бюджет қаражаты мүгедектігі бар жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Бюджет қаражаты мүгедектігі бар жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталады

Бюджет қаражаты мүгедектігі бар жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталады

Үкімет 2025 жылғы 11 ақпандағы қаулысымен мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында 2025 жылға арналған республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттердің ағымдағы нысаналы трансферттерін пайдалану қағидаларын бекітті.

Құжат Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ағымдағы нысаналы трансферттер мына мақсаттарға жұмсалатыны белгіленген:

• «Spina bifida» диагнозы бар мүгедектігі бар азаматтарды майланған бір реттік катетермен қамтамасыз ету;

• мүгедектігі бар азаматтарды міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен) қамтамасыз ету стандарттарын арттыру;

• ақыл-ойы бұзылған балаларға курорттық емдеу ұсыну.

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың 2025 жылға арналған бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 105 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне, Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және астанаға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша пайдаланылады.

Республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердi қаржыландырудың жеке жоспары негiзiнде аударады.

Жергілікті атқарушы органдар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен қаражатты алған кезде:

• Spina bifida диагнозы бар мүгедектігі бар азаматтар майланған бір реттік катетермен қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтарды міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен) қамтамасыз ету стандарттарын арттыру;

• ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған курорттық емдеу.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері жыл қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есеп береді.

Регламент 2025 жылдың 24 ақпанында күшіне енеді.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...