Now Reading
Нұр-Сұлтанда ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек орталығы ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-Сұлтанда ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек орталығы ашылды

Нұр-Сұлтанда ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек орталығы ашылды

Бүгін елордада «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қоры қалалық әкімдіктің қолдауымен ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға психологиялық көмек орталығын ашты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Психологиялық көмек орталығында ерекше балаларды тәрбиелейтін аналар жұмыс істейді. Олар кәсіби дайындықтан өткен және осындай отбасыларға көмек көрсетеді.

Бұл «Бақытты Шаңырақ» ҚҚ ашқан төртінші орталық.

Қордың қызметі елорданың әртүрлі аудандарында мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған 300-ден астам отбасын біріктіреді. Оларға азық-түлік пакеттері, оқу құралдары түріндегі материалдық, әлеуметтік, білім беру және психологиялық көмек, кәсіпкерлік негіздеріне ақысыз оқыту және т.б көмек көрсетіледі.

«Бақытты Шаңырақ» ҚҚ төрайымы Ботагөз Сұлтанова отбасында ерекше бала тәрбиелеп отырған ана.

Біздің қорға барлық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік бергені үшін, үнемі қолдау көрсеткені үшін қала әкімдігіне алғысымызды білдіреміз. Әкімдік әрқашан бізге қолдау көрсетеді және көмектеседі. Бұл өмірде мүмкін емес ештеңе жоқ, егер адам бір нәрсені өзгерткісі келсе, оны жасау керек. Бізбен жұмыс жасайтын әйелдердің жұмысының нәтижесін көріп отырмын. Бұған дейін ашқан алғашқы осындай орталықтағыдай осы жерде ерекше балалардың аналары да жұмыс істейді, олар барлық отбасы мүшелерімен — әжелерімен, аталарымен, әкелерімен, дені сау балалармен жұмыс істейді. Барлығы 15 ана білім алуда. Аниматорларға арналған қызмет де бар, сол үшін аналарымыз қажетті  дайындықтан өтті, — деп атап өтті Ботагөз Сұлтанова орталықтың ашылуында.

Елорданың ішкі саясат басқармасының бастығы Дәурен Бабамұратов психологиялық көмек көрсету орталығының ашылуының алдында психологтармен және әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен бірлесіп жүргізілген көптеген дайындық жұмыстары болғанын баса айтты.

Бүгінгі қуанышты жаңалық: біз ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға психологиялық көмек орталығын ашамыз. Бұл өте маңызды оқиға, бұл идеяны «Бақытты Шаңырақ» ҚҚ төрағасы Ботагөз Сұлтанованың өзі ұзақ уақыт бойы көтеріп келе жатқан болатын. Өткен жылы қор ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдауға бағытталған көптеген жұмыстар жасады. Көптеген іс-шаралар өткізілді. Біз бұл орталықты Нұр-Сұлтан қаласының психологтарымен, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен бірлесіп жасалған көптеген дайындық жұмыстар жүргізе отырып аштық. Ерекше балаларды тәрбиелейтін аналар оқытылды. Орталықтың жұмысы нәтижелі болатынына және отбасыларға нақты көмек болатынына сенімдімін, — деді ішкі саясат бөлімінің басшысы.

2020 жылдан бастап әкімдіктің қолдауымен елордада халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс жасайтын түрлі қоғамдық топтардың бастамасымен ашылған 8 орталық жұмыс істей бастады. Бұл орталықтар ойдағыдай жұмыс істеп келеді. Олардың қатарында «Қайратты аналар» білім беру орталығы, «Алтын Шаңырақ Ұясы» тігін цехы, «Бақытты Шаңырақ» көпсалалы сервис орталығы және т.б. бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×