Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық заңнамасына сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша мүгедектігі бар азаматтарға берілетін жеңілдіктер туралы хабарлайды.
№ Салық/алым Төленеді
(иә/жоқ) Ескерту
1 ЖТС иә Ай сайын 14 АЕК және жылына 882 АЕК шегеріміне құқығы бар.
2 МЗЖ иә Егер мүгедектік мерзімсіз белгіленген болса I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарға МЗЖ төленбейді.
3 МӘМСА және МӘМС жоқ Мемлекет төлейді
4 Әлеуметтік төлемдер иә Зейнет жасындағы мүгедектігі бар жұмыскерлер үшін төленбейді
5 Әлеуметтік салық Иә
Осылайша, мүгедектігі бар қызметкерді тек МӘМСА және МӘМС төлеуден босатады және 882 АЕК мөлшерінде жеке табыс салығы бойынша қосымша шегерімге құқық береді. Барлық басқа салықтар мен шегерімдер қызметкерлердің табыстарынан жалпы негізде жүргізіледі.