Үндістанның Раджастхан штатында пауэрлифтингтен 17 жастағы чемпион Яштика Ачария гір көтеру кезінде қайтыс болды.
Оқиға Жастар ұлттық ойындарының алтын жүлдегері 270 келі салмақтағы штангамен отырып тұру жаттығуын орындау кезінде орын алды, деп хабарлайды The Times of India. Штанга қыздың мойнына түсіп, нәтижесінде ол ауыр жарақаттар алған.
Спортшы ауруханаға жатқызылды, ауруханада медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын растады.