Астанада 50-ден астам жұмыс берушінің қатысуымен бос орындар жәрмеңкесі өтеді

28 ақпанда елордада Жұмысшы мамандықтары жылына арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Нұра ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеде 50-ден астам жұмыс беруші білім мен медицинадан бастап кәсіпкерлік пен мемлекеттік қызметке дейінгі түрлі саладағы 200-ден астам бос жұмыс орнын ұсынады.
Шара «Барыс Арена» мұз айдын сарайында (Тұран даңғылы, 57) 13:00-20:00 аралығында өтеді. Кіру тегін. Жәрмеңкеге барлық жастағы қала тұрғындары қатыса алады.
Келушілер компания өкілдерімен тікелей сөйлесіп, әртүрлі жұмыс жағдайлары мен кестелері бар бос орындары туралы біліп, түйіндемелерін қалдыра алады.
Жәрмеңкеге қатысқысы келетін жұмыс берушілер мына телефондарға хабарласа алады:
+7 (776) 111-80-08;
+7 (771) 111-88-81;
+7 (776) 978-99-00;
55-00-48.
0