Now Reading
Астанада кезекті инклюзияны қолдау кабинеті ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада кезекті инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

Астанада кезекті инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

Астанада Б.Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінде Білім басқармасының қолдауымен және «Samruk-Kazyna trust» қорының демеушілігімен Инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

Іс-шараға «Samruk-Kazyna trust» қорының бас директоры Альфия Адиева, Білім басқармасының жалпы орта білім берудің мазмұны және әдістеме бөлімінің бас маманы Г.Исинова, мектеп басшылары, ата-аналар қатысты.

 

Ерекше білім беруді қажет ететін арнайы сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Олар ән айтып, жиналғандарды классикалық музыкамен және аспаптарда ойнаумен қуантты.

 

ЛФК, логопед, психолог және дефектолог мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Бұл орталықтың мақсаты – ерекше білімді қажет ететін оқушыларды қолдап, әлеуметтік ортаға қалыптасу үшін мүмкіндік жасау. Олардың мектепке бейімделуіне, оқу процесіне толыққанды қатысуына, қауіпсіз ортада тең дәрежеде білім алуына жағдай туғызу болып саналады.

 

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен Логопед, дефектолог, мектеп психологтары,педагог-ассистенттер түрлі бағытта жұмыстар жүргізеді. Ашылған кабинет лого массажы, тілашар, ақылды айна, ұсақ моторикаларымен жұмыс істеуге қолайлы орын болып табылады.

 

Жаңа орталық «Самұрық-Қазына» ЖШС қорының демеушілігімен ашылды.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында елордадағы №22, 36, 59, 76, 90, 97, 61, 32, 52 мектептерде жаңа форматтағы кабинеттер алғаш рет ашылды. Астанадағы инклюзия кабинеттеріне қалада тұратын мектеп жасындағы ерекше қажеттіліктері бар балалардың шамамен 16%-ы қатысады. Жалпы елордада ерекше қажеттіліктері бар 21 107 бала бар.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...