Now Reading
Парадзюдодан Әлем кубогында елордалық спортшылар қандай нәтиже көрсетті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Парадзюдодан Әлем кубогында елордалық спортшылар қандай нәтиже көрсетті

Парадзюдодан Әлем кубогында елордалық спортшылар қандай нәтиже көрсетті

Парадзюдодан Әлем кубогында елордалық спортшылар қандай нәтиже көрсетті


Грузияның Тбилиси қаласында 24-25 наурыз күндері көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасында парадзюдодан Әлем кубогы өтті. Жарысқа 19 елден 150-ге жуық татами шебері қатысты. Қазақстан құрамасы сапында Астана қаласының төрт спортшысы ел намысын қорғады.
Бәсекенің алғашқы күнінде елордалық параспортшы Ақмарал Науатбек (J2, 48 кг) үздік шығып, алтын медаль жеңіп алды. Финалда ол Германия өкілі Изобель Тайды ұстау әдісімен (осаэкоми) жеңіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Айта кетейік, бұл – Ақмаралдың Олимпиада чемпионы белгісі саналатын «Алтын тігіспен» шыққан алғашқы жарысы болды.
Астана қаласының тағы бір спортшысы Ерғали Шәмей алғашқы белдесуінде жеңіске жеткенімен, жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмады. Ал Бауыржан Арыстанбеков 7-орынмен шектелді.
Айта кетейік, бұл дода – Паралимпиададан кейін жаңа салмақ дәрежесінде өткен алғашқы халықаралық жарыс. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен 4-орынға ие болды.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...