Now Reading
Алматыда ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау және оңалту орталығы ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматыда ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау және оңалту орталығы ашылды

Алматыда ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау және оңалту орталығы ашылды

Алматыда ерекше қажеттіліктері бар балаларды ерте кезеңде қолдау және оңалту бойынша алғашқы орталық ашылды. Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының базасында «Қамқорлық» ерте араласу орталығы құрылды.

 

Қала әкімі Ерболат Досаев бүгінде дамуында түрлі ауытқулары бар балаларға, соның ішінде шала туған сәбилерге кешенді қызмет көрсететін жаңа мекемені аралады.

 

Орталық медициналық, әлеуметтік және білім беру қолдауын, сондай-ақ бірегей емдік кеңістіктерді ұсынады. Мұнда әр балаға жеке оңалту бағдарламасын әзірлейтін мамандар жұмыс істейді. Орталық жылына 600-ге дейін баланы міндетті медициналық сақтандыру бойынша қабылдай алады.

 

Сонымен қатар, әкім күрделі жөндеуден өткен емханамен және Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығын одан әрі жаңғырту жоспарымен танысты.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...