Астанада тұрғын үй кезегінде тұрғандарға қажетті құжаттар тізімі жарияланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жыл сайынғы кезекте тұрғандарды түгендеу және кезектілік тәртібімен тұрғын үй беру мәселесін қарау шеңберінде «Халықтың әлеуметтік осал топтары» және «Көп балалы отбасылар» санаттары бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтар тізімге сәйкес сұралған құжаттарды ұсынуы қажет. Өтініш беру үшін сізде келесілер болуы керек: 1. ЭЦҚ кілті; 2. Өтініш берушінің және барлық отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама (анықтама өтініш берілген күні Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталынан – EGOV.KZ порталынан алынуы тиіс); 3. Балалардың туу туралы куәлігінің/отбасы мүшелерінің жеке куәлігінің сканерленген көшірмесі (бар болса); 4. Неке/некені бұзу туралы куәліктің/әке болуды анықтау туралы куәліктің/№4 нысан/қайтыс болу туралы куәліктің сканерленген көшірмесі (бар болса); 5. Үлес, тұрғын үй немесе жатақхана бөлмелері болса, меншік құқығының туындауын растайтын құжаттарды (сатып алу-сату/сыйға беру/айырбастау/жекешелендіру/ /мұраға беру құқық туралы куәліктің және т.б.) көшірмелерін ұсыну қажет; 6. Өтініш берушінің және отбасы құрамында кезекте тұрған отбасы мүшелерінің мүгедектігі туралы анықтаманың сканерленген көшірмесі (бар болса). Тапсырыс беру мерзімі мен әдісі: Құжаттар birge.astana.kz порталы арқылы 2025 жылғы 14 сәуір мен 30 сәуірді қоса алғанда электронды түрде қабылданады. Арнайы шарттар: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың қорғаншылары құжаттарды Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Республика даңғылы, 32 (Тұрғын үй орталығының бірінші қабаты) мекенжайы бойынша Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының кеңсесіне өзі тапсыруға міндетті. — Құжаттарды уақтылы тапсыру немесе олардың болмауы кезектен шығаруға әкеп соғуы мүмкін, — деп ескертті Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы.