Now Reading
Жетісу облысындағы мүгедектігі бар жандар үшін 800-ден астам нысан қолжетімді болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Жетісу облысындағы мүгедектігі бар жандар үшін 800-ден астам нысан қолжетімді болды

Жетісу облысындағы мүгедектігі бар жандар үшін 800-ден астам нысан қолжетімді болды

Мүгедектігі бар жандардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және оларға қолжетімді орта жасау мақсатында Жетісу өңірінде 829 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толығымен бейімделген.

 

Қазіргі уақытта жүзеге асырылуда: Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Қазақстан Республикасындағы 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасы және «Халықпен бірге» жобасы.

 

«Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы Интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 42 мыңнан астам нысанды бейімдеу жұмыстарын жүргізуді көздейді. Жыл сайын нысандардың 20 пайызы бейімделуге жатады. Мәселен, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%. Қазіргі таңда республика бойынша 22 980 нысан толығымен бейімделген.

 

2024 жылдың соңына дейін Жетісу облысында 447 нысанда бейімдеу жұмыстары жоспарланса, облыс жоспарды асыра орындады, 829 нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілді.

 

Мәселен, облыстағы 829 нысанның ішінде келесілер барлық санаттағы мүгедектігі бар жандар үшін қолжетімді:

 

— денсаулық сақтау нысандары – 137;

 

— білім беру нысандары – 425;

 

— мәдени нысандар – 91;

 

— сауда және қызмет көрсету объектілері – 10;

 

— мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 106;

 

— спорт нысандары – 25;

 

— әлеуметтік қорғау объектілері – 11;

 

— көлік инфрақұрылымының объектілері – 2;

 

— басқалары — 22.

 

«Мен мүгедектігі бар жандарға арналған арбамен жүрмін. Ағымдағы жылдың 25 ақпанында Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаментіне қаладағы ғимараттардың бірінің иесінің әлеуметтік кодексті бұзғаны туралы өтінішпен жүгіндім. 14 сәуірде мен осы ғимаратқа қайта бардым, ол мүгедектігі бар адамдарға бейімделген, енді барлық алты аймақ бойынша қолжетімділік бар»,- деп бөлісті бірінші топтағы мүгедектігі бар Талдықорған қаласының тұрғыны Вадим Друзин.

 

Сонымен қатар, 2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік бақылау аясында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік, сауда және т.б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 10 рет тексеру жүргізді, оның ішінде 5 жоспардан тыс, 5 прокуратура өтініші бойынша жүргізілді.

 

Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 6 ұйғарым шығарылып, жалпы сомасы 1,2 млн теңгеден астам 8 әкімшілік айыппұл салынды.

 

Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...