Бүгін, 2025 жылғы 22 мамырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көпбалалы отбасылар мен марапатталған аналарға арналған жәрдемақылар мен төлемдер бойынша деректер ұсынылды.
Ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға және марапатталған аналарға мемлекеттік жәрдемақылар орташа есеппен 853,6 мың адамға жалпы сомасы 201,9 млрд теңге төленді, оның ішінде:
көпбалалы отбасыларға 176 млрд теңге сомаға 611,5 мың отбасы жәрдемақы алды;
марапатталған аналарға берілетін жәрдемақылар-25,9 млрд теңге сомасына 242 мың адам.
Ағымдағы жылдың сәуір айында жоғарыда көрсетілген төлемдермен жалпы сомасы 51 млрд теңгеге 860,1 мың адам қамтылды, оның ішінде:
көпбалалы отбасыларға 44,5 млрд теңге сомаға 617,6 мың отбасы жәрдемақы алды;
марапатталған аналарға берілетін жәрдемақылар – 6,5 млрд теңге сомасына 242,5 мың адам.
4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа толмаған күндізгі бөлімде оқитын студенттер, олардың табысына қарамастан бірге тұратын отбасылар көпбалалы отбасыларға жәрдемақы тағайындай алады.
Көпбалалы отбасыларға төленетін төлемдердің мөлшері балалардың санына байланысты сараланады және 2025 жылы:
4 балаға – 16,03 АЕК, немесе 63 030 теңге;
5 балаға – 20,04 АЕК, немесе 78 798 теңге;
6 балаға – 24,05 АЕК, немесе 94 565 теңге;
7 балаға – 28,06 АЕК, немесе 110 332 теңге;
8 және одан да көп балаға – 4 АЕК немесе әр балаға 15 728 теңге.
Марапатталған анаға жәрдемақы «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын Батыр ана атағын алған, 1 және 2-дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға тағайындалады.
Марапатталған анаға жәрдемақы ай сайын мынадай мөлшерде төленеді:
«Күміс алқа» алқасымен марапатталғандарға – 6,40 АЕК, немесе 25 165 теңге;
«Алтын алқа» алқасымен марапатталған немесе бұрын Батыр ана атағын алған, 1 және 2-дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған – 7,40 АЕК, немесе 29 097 теңге.
Айта кетейік, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалы отбасыларға берілетін барлық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 6,5%-ға ұлғайтылады.