Өзі жұмсақ мінезді, әдемі, өте мейірімді және күлімсіреген қыз, ауруына қарамастан, басқалар сияқты өмір сүруді үйренді, тіпті кейбіреулерімізден асып түсті. 18 жасында атыраулық Альфия Тілекқабыл парадзюдодан Азия чемпионы және Қазақстан кубогының үш дүркін жеңімпазы атанды. Ал 2024 жылы «Атырау қаласының жыл адамы» деп танылды. Альфияның бөлмесі жарықпен және балғын гүлдердің хош иісі тұнған. Терезенің жанында ақ фортепиано тұр, оның үстіне «Жыл адамы» алтын әріптері бар барқыт лента мұқият төселген, бұл марапат жолдың басы ғана екенін еске салады. Терезеде медальдер, кубоктар мен марапаттар алтын ұшқындай жарқырайды. Мұнда әрбір деталь оның жолының көрінісі. 2024 жыл Альфия үшін ерекше жыл болды: Парижде өткен Паралимпиада ойындарына қатысып, жарыста ең жас парадзюдошы атанып, жыл соңында Атырау қаласының әкімдігі «Жыл адамы» атағын берді. Альфия пианиноға отырады. Саусақтың жеңіл қимылы бөлмені әуенге толтырады. Бір сәтке алдыңда соқыр адам тұрғанын ұмытасың. Альфияны туған жерінен табу қиынға соқты: жарыстар, жаттығулар, жүзу, оқу, емтихандар. Енді оның алдында күмән тудырмайтын жаңа мақсат тұр. Қазір оның барлық күш-жігері 2028 жылғы Паралимпиада ойындарына дайындыққа жұмылдырылған. «Мен G1 санатында жарысамын — бұл көру қабілетін мүлдем жоғалту. Біз G2 санатындағы көру қабілеті нашар спортшылармен жарысқа барамыз. Олар маған көмектеседі. Жақында Астанада өткен парадзюдодан әлем чемпионатынан оралдым. Сосын 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына дайындаламын» –деді Әлфия Тілекқабыл Альфия фортепианода, гитарада, укулеледе, домбырада ойнайды, ән жазады, ән салады және кішкентай кезінен фестивальдерге қатысады. Оның өнер жолында республикалық «Жұлдызай», «Аманат», «Бала дауысы» фестивальдеріндегі жеңістері мен «Жас өркен» байқауында «Жылдың халық өнерпазы» атағы бар. Ол қазір Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Концерт және камералық орындаушы» мамандығының 2 курс студенті, өз өмірін сахнасыз елестете алмайды. «Мен отбасындағы төртінші баламын. Үш ағам бар. Анам бізді бағып-қағып, барлық жерге апарды — жүзуге де, шахмат ойнауға да. Ал мен бала кезімнен ән айтқанды жақсы көретінмін. Фортепиано мен гитарада ойнауды өзім үйрендім. Музыка мені емдейді. Ол жаққа барамын деп шешкенімде мұғалімдер маған сенімсіздік танытты. Қазір жағдайым жақсы», — дейді Әлфия Тілекқабыл. Альфия үш жасында көру қабілетінен айырыла бастады, ал 2020 жылғы пандемиядан кейін ол мүлдем көрмей қалған. «Ол үш жасында кенеттен: «Ана, әке, қайдасыздар?», — дегенде біз қатты таң қалдыұ. Түрлі тексерулер басталды, ең жақсы дәрігерлерді іздеу басталды. Диагноз — торлы қабығының ажырауы. Мәскеуге бардық. Бірнеше ота жасадық. Бір көзі мүлдем көрмей, екіншісі тек 4-5 пайыз ғана көретін болды. Ол көру қабілеті нашар балаларға арналғанарнайы мектеп қабырғасында оқыды. 11-ші сыныпты қашықтан бітіріп, университетке түсті. Оның көзінің көруі 2020 жылы пандемия кезінде мүлдем жоғалды. Біз Германияға операцияға бардық, ол өте қиын кезең болды, — дейді Альфияның анасы Жанаргүл. Альфия парадзюдоға алғаш рет 2021 жылы қатысып көрді. Оның жаттықтырушысы дзюдошы Жандос Қиянов болды, ол Альфияның тәлімгері әрі маңызды тірегі болды. «Ол бәрін түсіндіреді, әрбір қимылын көрсетеді, техниканы қолымен түсінуге көмектеседі, өйткені біздің спортта бұл үйренудің жалғыз жолы», — дейді Әлфия Тілекқабыл Екі жылдан кейін Азия чемпионатында жеке және командалық сында табысқа жетті. Бұл оның халықаралық сахнадағы алғашқы маңызды тәжірибесі болды. «Мен әлемді жанасу арқылы сезінемін. Сиырдың қандай болатынын білмеймін. Мысалы, от қандай. Түсі қандай?»- дейді Әлфия Тілекқабыл. Қазір Альфия өз тепе-теңдігін тапты деп айта аламыз. Ол өміріндегі спорт пен музыканың үйлесуі оны күшті етеді деп санайды. «Мен айналама үлгі болғым келеді. Әрбір бала, әрбір мүмкіндігі шектеулі жан: «Егер Альфия мұны істей алса, мен де істей аламын» деп айтуы үшін тырысып келемін. Ең бастысы, армандаңыз және ештеңеден қорықпаңыз. Шектеулер тек санада болады» — дейді Әлфия Тілекқабыл.