Now Reading
Елордаы мектептерінде инклюзияны қолдау мақсатында қосымша 10 кабинет ашылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордаы мектептерінде инклюзияны қолдау мақсатында қосымша 10 кабинет ашылады

Елордаы мектептерінде инклюзияны қолдау мақсатында қосымша 10 кабинет ашылады

Жаңа оқу жылында елорданың 10 мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады.

Кабинеттерді жабдықтауға арналған қаражат «Charity Samruk Marathon 2025» қайырымдылық марафоны аясында жиналды. Қаражаттың бір бөлігі «Samruk-Kazyna Trust» қорының бюджеті есебінен бөлінеді. Қазіргі таңда жөндеу және құрылыс-монтаж жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

Астана қаласының Білім басқармасы белгілеген кабинеттер №23, 29, 48, 54, 60, 71, 83, 91, 96 және 98 мектептерінде ашылады. Бұл мектептерде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жағдай жасау аса қажет. Осылайша инклюзивті біліммен 535 бала қамтылады. Бұған дейін де қаладағы 11 мектепте осындай кабинеттер ашылған болатын, оның бесеуі өткен жылғы қайырымдылық марафон қаражаты есебінен іске қосылған.

Осылайша жаңа оқу жылында қор ашқан инклюзия кабинеттерінің саны 21-ге жетеді. Бұл жалпы қаладағы ерекше балалардың шамамен 40%-ын осындай қолдау кабинеттеріне тартуға мүмкіндік береді.

Кабинеттер Open Space форматында жұмыс істейді және дефектолог, логопед, психолог бөлмелерімен қатар, қыш шеберханасын да қамтиды. Сонымен қатар, заманауи спорт жабдықтарымен жабдықталған емдік дене шынықтыру кабинеті де қарастырылған. Әрбір кабинет кемінде 60 шаршы метр аумақта орналасады, бұл балаларға ыңғайлы жағдайда сабақ өткізуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, жыл бойы педагогтар мен мамандар арнайы оқытудан өтіп, әдістемелік қолдаумен қамтамасыз етіледі.

Жоба «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×