Now Reading
Қазақстандықтарға әлеуметтік көмек көрсету ережелерінде не өзгерді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандықтарға әлеуметтік көмек көрсету ережелерінде не өзгерді

Қазақстандықтарға әлеуметтік көмек көрсету ережелерінде не өзгерді

Қазақстандықтарға әлеуметтік көмек көрсету ережелерінде не өзгерді

Үкіметтің 2025 жылғы 9 шілдедегі қаулысымен Әлеуметтік көмек алатын азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көпбалалы отбасы балаларының, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік АӘК алмайтын отбасы балаларының мектепке дейінгі ұйымға бару кезеңінде азық-түлік шығындарын мемлекет жергілікті бюджет есебінен толық өтейтін толықтыру енгізілуде.

Сондай-ақ білім алу кезеңінде әлеуметтік көмекті білім беру ұйымдары немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары кәмелеттік жасқа толған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдерінің мынадай растайтын құжаттарды қоса бере отырып еркін нысандағы жазбаша өтініші бойынша жүзеге асыратыны көрсетілген:

туу туралы куәліктің көшірмелері – көпбалалы отбасы балалары үшін;

қорғаншылықты (қамқоршылықты) бекіту туралы анықтаманың көшірмелері – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасында тәрбиеленетін балаларға;

жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасында тәрбиеленетін балалар үшін баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге немесе асырап алушы отбасына беру туралы шарттың көшірмелері;

мүгедектігі бар адамдарға және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі туралы анықтамалар немесе даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық – медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмелері;

өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға тиесілігін растайтын анықтамалар – атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасы балалары үшін;

алынған табыстар туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және қызметтің өзге де түрлерінен түскен кірістер, балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алимент түріндегі кірістер) – жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспайтын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардың балалары үшін;

бiлiктi жұмысшыларды даярлауды көздейтiн техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер үшiн оқу орнына оқуға қабылдау туралы бұйрықтың көшiрмелерi.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×