Ұйымдасқан қылмыстық топ мүгедектігі бар қазақстандықтарға автокөлік несиелерін рәсімдеген

Келтірілген шығын 250 миллион теңгеден асты. Астанада жұмыссыз және мүгедектігі бар жандардың атына автокөлік несиесін рәсімдеп, алдап кеткен қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлады елордалық прокуратураның баспасөз қызметі.
Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыскерлер азаматтарды автокөлік несиесін «тіркеуге көмектесуге» көндірген. Олар қолдау көрсетуге, жұмыспен қамтуға, тіпті белгілі бір бағдарламаға қатыстыруға уәде берген.
Шындығында, алданғандарын білмеген адамдар несие құжаттарына қол қойып, кейін қарыз міндеттемелерімен қалған. Келтірілген шығын 250 миллион теңгеден асты. Қылмыстық топ мүшелері барлық ақшаны жеке мақсаттарына жұмсаған.
Алаяқтықты ұйымдастырушылар ұсталып, оларға қылмыстық ұйым құрды және алаяқтық жасады деген айып тағылды.