Now Reading
Жыл басынан бері жастар тәжірибесі аясында 9 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналастырылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Жыл басынан бері жастар тәжірибесі аясында 9 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналастырылды

Жыл басынан бері жастар тәжірибесі аясында 9 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналастырылды

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жастар тәжірибесіне 9,1 мың адам жұмысқа орналастырылды. 2025 жылы бұл салаға барлығы 38,9 мың жас қазақстандықты жұмысқа орналастыру жоспарлануда, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Жастар тәжірибесіне жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Түркістанда – 2,1 мың адам, Жамбылда – 802 адам, Қызылордада – 775 адам және Шымкент қаласында – 665 адам. Жастар тәжірибесіне қатысатын әйелдердің үлесі 62,7% немесе 5,4 мың адам, ауыл тұрғындары – 5 мың адам, немесе 58,1%. Білім беру ұйымдарының 35 жасқа дейінгі жұмыссыз түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін жастар тәжірибесіне қатысушылар бола алады. Жастар тәжірибесіне қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру керек. Жұмыс беруші кәсіптік білімі мен жұмыс тәжірибесін беру үшін жастар тәжірибесіне қатысушыларға тәлімгер тағайындайды. Республика бойынша орташа жалақы 109,5 мың теңгені құрады. Жастар тәжірибесін қаржыландыруды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ай сайынғы еңбекақы төлеу арқылы еңбек ұтқырлығы орталығы жүзеге асырады. Төлем жұмыс беруші ұсынған мәліметтер негізінде қатысушылардың екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақша аудару арқылы жүзеге асырылады. Жастар тәжірибесіне қатысушылар жұмысқа орналасқан ең сұранысқа ие мамандықтар қатарында: медбике – 654 адам, заңгер – 367 адам, бастауыш сынып мұғалімі – 309 адам, тәрбиеші – 292 адам, шет тілі мұғалімі – 282 адам. Жастар тәжірибесіне қатысқан қазақстандықтар бұл мемлекеттік қолдау шарасы туралы оң пікірлерін айтуда. Солардың бірі Көкшетау қаласының тұрғыны Бәтима Жасұланова болды. – 2024 жылы Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетін «Өнеркәсіптегі халықаралық бизнес логистикасы» мамандығы бойынша бітірдім. Мен астаналық ұйымдардың бірінде аз уақыт жұмыс істеп, қысқартылдым. Мансап орталығына хабарласып, жұмыссыз ретінде тіркелдім. Онда маған жастар тәжірибесіне қатысуды ұсынды. Қазір Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында көлік инженері болып жұмыс істеймін, дейді Бәтима Жасұланова. 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×